Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Furqan Ayahs #39 Translated in Kazakh

وَلَقَدْ آتَيْنَا مُوسَى الْكِتَابَ وَجَعَلْنَا مَعَهُ أَخَاهُ هَارُونَ وَزِيرًا
Әрі Біз Мұсаға Кітапты бердік, онымен бірге, бауыры Һарұнды көмекші еттік
فَقُلْنَا اذْهَبَا إِلَى الْقَوْمِ الَّذِينَ كَذَّبُوا بِآيَاتِنَا فَدَمَّرْنَاهُمْ تَدْمِيرًا
Әрі Оларға : «Екеуің Біздің белгілерімізді өтірік санаған елге барыңдар»,-дедік. Кейін оларды фиръаундықтарды жойып, жоқ еттік
وَقَوْمَ نُوحٍ لَمَّا كَذَّبُوا الرُّسُلَ أَغْرَقْنَاهُمْ وَجَعَلْنَاهُمْ لِلنَّاسِ آيَةً ۖ وَأَعْتَدْنَا لِلظَّالِمِينَ عَذَابًا أَلِيمًا
Нұхтың елін де, олар елшілерді өтірікші санаған кездерінде суға батырдық және оларды адамдарға бір белгі-ғибрат еттік. Әділетсіздер үшін Біз күйзелтуші азап әзірледік
وَعَادًا وَثَمُودَ وَأَصْحَابَ الرَّسِّ وَقُرُونًا بَيْنَ ذَٰلِكَ كَثِيرًا
Сондай-ақ Ад және Сәмүд елдерін, әр-Расс тұрғындарын әрі олардың арасындағы көп ұрпақтарды да жойдық
وَكُلًّا ضَرَبْنَا لَهُ الْأَمْثَالَ ۖ وَكُلًّا تَبَّرْنَا تَتْبِيرًا
Әрі Біз олардың әрбіріне тәмсіл, мысалдар келтірдік және сенбегендердің барлығын құртып, жойып жібердік

Choose other languages: