Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Furqan Ayahs #42 Translated in Kazakh

وَعَادًا وَثَمُودَ وَأَصْحَابَ الرَّسِّ وَقُرُونًا بَيْنَ ذَٰلِكَ كَثِيرًا
Сондай-ақ Ад және Сәмүд елдерін, әр-Расс тұрғындарын әрі олардың арасындағы көп ұрпақтарды да жойдық
وَكُلًّا ضَرَبْنَا لَهُ الْأَمْثَالَ ۖ وَكُلًّا تَبَّرْنَا تَتْبِيرًا
Әрі Біз олардың әрбіріне тәмсіл, мысалдар келтірдік және сенбегендердің барлығын құртып, жойып жібердік
وَلَقَدْ أَتَوْا عَلَى الْقَرْيَةِ الَّتِي أُمْطِرَتْ مَطَرَ السَّوْءِ ۚ أَفَلَمْ يَكُونُوا يَرَوْنَهَا ۚ بَلْ كَانُوا لَا يَرْجُونَ نُشُورًا
Әрі олар мүшріктер пәлекет жаңбыры жаудырылған мекеннің қасынан өтетін еді. Сонда олар көрмеді ме оны? Жоқ! Олар қайта тірілуді үміт етпеді
وَإِذَا رَأَوْكَ إِنْ يَتَّخِذُونَكَ إِلَّا هُزُوًا أَهَٰذَا الَّذِي بَعَثَ اللَّهُ رَسُولًا
Ей, Мұхаммед! Олар сені көрген кездерінде келеке етіп: «Аллаһтың Елші етіп жібергені мынау ма
إِنْ كَادَ لَيُضِلُّنَا عَنْ آلِهَتِنَا لَوْلَا أَنْ صَبَرْنَا عَلَيْهَا ۚ وَسَوْفَ يَعْلَمُونَ حِينَ يَرَوْنَ الْعَذَابَ مَنْ أَضَلُّ سَبِيلًا
Егер біз құдайларымызға байланысты табандылық танытпағанымызда, ол бізді олардан тайдыруға жақын қалған еді», дейді. Азапты көрген кездерінде, олар жолдан кімнің адасқанын біледі

Choose other languages: