Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Furqan Ayahs #26 Translated in Kazakh

يَوْمَ يَرَوْنَ الْمَلَائِكَةَ لَا بُشْرَىٰ يَوْمَئِذٍ لِلْمُجْرِمِينَ وَيَقُولُونَ حِجْرًا مَحْجُورًا
Олар періштелерді көретін қайтатірілу күні сол күні күнәһарлар үшін ешқандай қуанышты хабар болмайды. Сонда періштелер оларға: «Тыйым салынды», -дейді
وَقَدِمْنَا إِلَىٰ مَا عَمِلُوا مِنْ عَمَلٍ فَجَعَلْنَاهُ هَبَاءً مَنْثُورًا
Біз олар істеген әрбір амалға келеміз де оны шашылған тозаңға айналдырамыз
أَصْحَابُ الْجَنَّةِ يَوْمَئِذٍ خَيْرٌ مُسْتَقَرًّا وَأَحْسَنُ مَقِيلًا
Бұл күні жәннаттықтар ең жақсы тұрақ жайларда әрі ең көркем тынығатын орындарда болады
وَيَوْمَ تَشَقَّقُ السَّمَاءُ بِالْغَمَامِ وَنُزِّلَ الْمَلَائِكَةُ تَنْزِيلًا
Ол Күні аспан сетінеп бұлттармен айрылады және періштелер түсіріледі
الْمُلْكُ يَوْمَئِذٍ الْحَقُّ لِلرَّحْمَٰنِ ۚ وَكَانَ يَوْمًا عَلَى الْكَافِرِينَ عَسِيرًا
Сол күні хақ билік әр-Рахманда аса Қайырымдыда . Кәпірлер үшін ол ауыр күн болады

Choose other languages: