Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Baqara Ayahs #73 Translated in Kazakh

قَالُوا ادْعُ لَنَا رَبَّكَ يُبَيِّنْ لَنَا مَا لَوْنُهَا ۚ قَالَ إِنَّهُ يَقُولُ إِنَّهَا بَقَرَةٌ صَفْرَاءُ فَاقِعٌ لَوْنُهَا تَسُرُّ النَّاظِرِينَ
Олар: «Біз үшін Раббыңнан сұра, бізге оның өңі қандай екенін түсіндіріп берсін»,- деді. Мұса: «Ол айтты: «Ол өңі ашық сары түсті сиыр, көрушілерді сүйсіндіреді», деп»,- деді
قَالُوا ادْعُ لَنَا رَبَّكَ يُبَيِّنْ لَنَا مَا هِيَ إِنَّ الْبَقَرَ تَشَابَهَ عَلَيْنَا وَإِنَّا إِنْ شَاءَ اللَّهُ لَمُهْتَدُونَ
Олар: «Біз үшін Раббыңнан сұра, бізге оның қандай екенін түсіндіріп берсін. Өйткені бізге сиырлар бір-біріне ұқсас секілді. Аллаһ қаласа, тура жолда боламыз.», десті
قَالَ إِنَّهُ يَقُولُ إِنَّهَا بَقَرَةٌ لَا ذَلُولٌ تُثِيرُ الْأَرْضَ وَلَا تَسْقِي الْحَرْثَ مُسَلَّمَةٌ لَا شِيَةَ فِيهَا ۚ قَالُوا الْآنَ جِئْتَ بِالْحَقِّ ۚ فَذَبَحُوهَا وَمَا كَادُوا يَفْعَلُونَ
Мұса: «Ақиқатында, Ол: «Ол жер жыртуға жегілмеген және егін суғармаған, дені сау, бойында еш дағы жоқ сиыр», деп айтты», деді. Олар: «Міне, енді шындықты әкелдің», деді. Сөйтіп, олар оны бауыздады, дегенмен олар оны орындамауға жақын еді
وَإِذْ قَتَلْتُمْ نَفْسًا فَادَّارَأْتُمْ فِيهَا ۖ وَاللَّهُ مُخْرِجٌ مَا كُنْتُمْ تَكْتُمُونَ
Міне, сендер біреуді өлтіріп, сол жөнінде тартыстыңдар. Ал, Аллаһ жасырғандарыңды әшкере етуші
فَقُلْنَا اضْرِبُوهُ بِبَعْضِهَا ۚ كَذَٰلِكَ يُحْيِي اللَّهُ الْمَوْتَىٰ وَيُرِيكُمْ آيَاتِهِ لَعَلَّكُمْ تَعْقِلُونَ
Біз: «Оны мүрдені сойылған сиырдың бір бөлігімен ұрыңдар», дедік. Осылай Аллаһ өліктерді тірілтеді және ақылды істетіп, ұғынуларың үшін Өз белгі- мұғжизаларын көрсетеді

Choose other languages: