Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Baqara Ayahs #75 Translated in Kazakh

قَالَ إِنَّهُ يَقُولُ إِنَّهَا بَقَرَةٌ لَا ذَلُولٌ تُثِيرُ الْأَرْضَ وَلَا تَسْقِي الْحَرْثَ مُسَلَّمَةٌ لَا شِيَةَ فِيهَا ۚ قَالُوا الْآنَ جِئْتَ بِالْحَقِّ ۚ فَذَبَحُوهَا وَمَا كَادُوا يَفْعَلُونَ
Мұса: «Ақиқатында, Ол: «Ол жер жыртуға жегілмеген және егін суғармаған, дені сау, бойында еш дағы жоқ сиыр», деп айтты», деді. Олар: «Міне, енді шындықты әкелдің», деді. Сөйтіп, олар оны бауыздады, дегенмен олар оны орындамауға жақын еді
وَإِذْ قَتَلْتُمْ نَفْسًا فَادَّارَأْتُمْ فِيهَا ۖ وَاللَّهُ مُخْرِجٌ مَا كُنْتُمْ تَكْتُمُونَ
Міне, сендер біреуді өлтіріп, сол жөнінде тартыстыңдар. Ал, Аллаһ жасырғандарыңды әшкере етуші
فَقُلْنَا اضْرِبُوهُ بِبَعْضِهَا ۚ كَذَٰلِكَ يُحْيِي اللَّهُ الْمَوْتَىٰ وَيُرِيكُمْ آيَاتِهِ لَعَلَّكُمْ تَعْقِلُونَ
Біз: «Оны мүрдені сойылған сиырдың бір бөлігімен ұрыңдар», дедік. Осылай Аллаһ өліктерді тірілтеді және ақылды істетіп, ұғынуларың үшін Өз белгі- мұғжизаларын көрсетеді
ثُمَّ قَسَتْ قُلُوبُكُمْ مِنْ بَعْدِ ذَٰلِكَ فَهِيَ كَالْحِجَارَةِ أَوْ أَشَدُّ قَسْوَةً ۚ وَإِنَّ مِنَ الْحِجَارَةِ لَمَا يَتَفَجَّرُ مِنْهُ الْأَنْهَارُ ۚ وَإِنَّ مِنْهَا لَمَا يَشَّقَّقُ فَيَخْرُجُ مِنْهُ الْمَاءُ ۚ وَإِنَّ مِنْهَا لَمَا يَهْبِطُ مِنْ خَشْيَةِ اللَّهِ ۗ وَمَا اللَّهُ بِغَافِلٍ عَمَّا تَعْمَلُونَ
Содан кейін де жүректерің қатайды. Олар тас секілді немесе одан да қатты. Шын мәнінде, бір тастар бар, олардан бұлақтар жарып шығады. Кейбірі қақ бөлініп, одан су шығады. Әрі ақиқатында, ол тастардың кейбірі Аллаһтанқорыққанынан құлайды. Аллаһ сендердің не істеп жатқандарыңнан ғапыл қапы қалушы емес
أَفَتَطْمَعُونَ أَنْ يُؤْمِنُوا لَكُمْ وَقَدْ كَانَ فَرِيقٌ مِنْهُمْ يَسْمَعُونَ كَلَامَ اللَّهِ ثُمَّ يُحَرِّفُونَهُ مِنْ بَعْدِ مَا عَقَلُوهُ وَهُمْ يَعْلَمُونَ
Сендер мұсылмандар , шынымен олардың өздеріңе сенулерін үміт етесіңдер ме? Негізінде, олардың бір тобы Аллаһтың Сөзін тыңдап, оны түсінгендерінен кейін, біле тұрып өзгертетін еді

Choose other languages: