Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Baqara Ayahs #247 Translated in Kazakh

أَلَمْ تَرَ إِلَى الَّذِينَ خَرَجُوا مِنْ دِيَارِهِمْ وَهُمْ أُلُوفٌ حَذَرَ الْمَوْتِ فَقَالَ لَهُمُ اللَّهُ مُوتُوا ثُمَّ أَحْيَاهُمْ ۚ إِنَّ اللَّهَ لَذُو فَضْلٍ عَلَى النَّاسِ وَلَٰكِنَّ أَكْثَرَ النَّاسِ لَا يَشْكُرُونَ
Ей, Мұхаммед! Өлімнен қорқып, тұрақтарын тастап шыққан мыңдаған адамдарды білмейсің бе? Аллаһ оларға: «Өліндер», деді. Содан кейін қайта тірілтті. Ақиқатында, Аллаһ адамдарға кеңшілік Иесі. Бірақ, адамдардың көбі шүкір етпейді Раббысының берген игіліктеріне алғыс білдірмейді
وَقَاتِلُوا فِي سَبِيلِ اللَّهِ وَاعْلَمُوا أَنَّ اللَّهَ سَمِيعٌ عَلِيمٌ
Аллаһ жолында соғысыңдар әрі біліңдер, Аллаһ әрбір нәрсені Естуші, бәрін Білуші
مَنْ ذَا الَّذِي يُقْرِضُ اللَّهَ قَرْضًا حَسَنًا فَيُضَاعِفَهُ لَهُ أَضْعَافًا كَثِيرَةً ۚ وَاللَّهُ يَقْبِضُ وَيَبْسُطُ وَإِلَيْهِ تُرْجَعُونَ
Аллаһқа көркем қарыз беретін кім бар? Ол оған көптеген есе арттырып береді. Ризық-несібені тар ететін және оны кеңітетін Аллаһ. Әрі сендер Оған қайтарыласыңдар
أَلَمْ تَرَ إِلَى الْمَلَإِ مِنْ بَنِي إِسْرَائِيلَ مِنْ بَعْدِ مُوسَىٰ إِذْ قَالُوا لِنَبِيٍّ لَهُمُ ابْعَثْ لَنَا مَلِكًا نُقَاتِلْ فِي سَبِيلِ اللَّهِ ۖ قَالَ هَلْ عَسَيْتُمْ إِنْ كُتِبَ عَلَيْكُمُ الْقِتَالُ أَلَّا تُقَاتِلُوا ۖ قَالُوا وَمَا لَنَا أَلَّا نُقَاتِلَ فِي سَبِيلِ اللَّهِ وَقَدْ أُخْرِجْنَا مِنْ دِيَارِنَا وَأَبْنَائِنَا ۖ فَلَمَّا كُتِبَ عَلَيْهِمُ الْقِتَالُ تَوَلَّوْا إِلَّا قَلِيلًا مِنْهُمْ ۗ وَاللَّهُ عَلِيمٌ بِالظَّالِمِينَ
Мұсадан кейінгі Исраил ұрпақтарының беделділері жайлы білмедің бе? Кезінде олар өздерінің пайғамбарына: «Бізге бір патша жібер, Аллаһ жолында соғысайық», деді. Ол пайғамбар : «Сендерге егер соғыс парыз етілсе, соғыспай қалатын шығарсыңдар?» деді. Олар: «Ақиқатында, үйлерімізден шығарылып, балаларымыздан айырыла тұрып, бізге Аллаһ жолында соғыспайтындай не болды?» деді. Алайда, оларға соғыс парыз етілген кезде, аз бөлігінен басқасы бас тартты. Аллаһ әділетсіздерді Білуші
وَقَالَ لَهُمْ نَبِيُّهُمْ إِنَّ اللَّهَ قَدْ بَعَثَ لَكُمْ طَالُوتَ مَلِكًا ۚ قَالُوا أَنَّىٰ يَكُونُ لَهُ الْمُلْكُ عَلَيْنَا وَنَحْنُ أَحَقُّ بِالْمُلْكِ مِنْهُ وَلَمْ يُؤْتَ سَعَةً مِنَ الْمَالِ ۚ قَالَ إِنَّ اللَّهَ اصْطَفَاهُ عَلَيْكُمْ وَزَادَهُ بَسْطَةً فِي الْعِلْمِ وَالْجِسْمِ ۖ وَاللَّهُ يُؤْتِي مُلْكَهُ مَنْ يَشَاءُ ۚ وَاللَّهُ وَاسِعٌ عَلِيمٌ
Әрі оларға пайғамбарлары: «Ақиқатында, Аллаһ сендерге патша етіп Талұтты жіберді», деді. Олар: «Патшалыққа оған қарағанда өзіміз лайықтырақ бола тұрып, ол қалай бізге патша болмақ?! Әрі оған жеткілікті дүние де берілмеген», деді. Пайғамбар: «Ақиқатында, оны сендерге Аллаһтың Өзі таңдады және оны білім мен тұлға бітімінде кеңдігін арттырды. Аллаһ Өз иелігіндегі билікті әкімшілікті қалағанына береді. Аллаһ рақымы Кең, бәрін Білуші », деді

Choose other languages: