Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Baqara Ayahs #245 Translated in Kazakh

وَلِلْمُطَلَّقَاتِ مَتَاعٌ بِالْمَعْرُوفِ ۖ حَقًّا عَلَى الْمُتَّقِينَ
Әрі талақ етілген әйелдердің құпталғанға сай қамтамасыз етілуі тақуалар Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанушылар үшін бір міндет
كَذَٰلِكَ يُبَيِّنُ اللَّهُ لَكُمْ آيَاتِهِ لَعَلَّكُمْ تَعْقِلُونَ
Аллаһ сендерге Өз аяттарын ақылдарыңды істетіп, ұғынуларың үшін осы­лай түсіндіреді
أَلَمْ تَرَ إِلَى الَّذِينَ خَرَجُوا مِنْ دِيَارِهِمْ وَهُمْ أُلُوفٌ حَذَرَ الْمَوْتِ فَقَالَ لَهُمُ اللَّهُ مُوتُوا ثُمَّ أَحْيَاهُمْ ۚ إِنَّ اللَّهَ لَذُو فَضْلٍ عَلَى النَّاسِ وَلَٰكِنَّ أَكْثَرَ النَّاسِ لَا يَشْكُرُونَ
Ей, Мұхаммед! Өлімнен қорқып, тұрақтарын тастап шыққан мыңдаған адамдарды білмейсің бе? Аллаһ оларға: «Өліндер», деді. Содан кейін қайта тірілтті. Ақиқатында, Аллаһ адамдарға кеңшілік Иесі. Бірақ, адамдардың көбі шүкір етпейді Раббысының берген игіліктеріне алғыс білдірмейді
وَقَاتِلُوا فِي سَبِيلِ اللَّهِ وَاعْلَمُوا أَنَّ اللَّهَ سَمِيعٌ عَلِيمٌ
Аллаһ жолында соғысыңдар әрі біліңдер, Аллаһ әрбір нәрсені Естуші, бәрін Білуші
مَنْ ذَا الَّذِي يُقْرِضُ اللَّهَ قَرْضًا حَسَنًا فَيُضَاعِفَهُ لَهُ أَضْعَافًا كَثِيرَةً ۚ وَاللَّهُ يَقْبِضُ وَيَبْسُطُ وَإِلَيْهِ تُرْجَعُونَ
Аллаһқа көркем қарыз беретін кім бар? Ол оған көптеген есе арттырып береді. Ризық-несібені тар ететін және оны кеңітетін Аллаһ. Әрі сендер Оған қайтарыласыңдар

Choose other languages: