Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Baqara Ayahs #225 Translated in Kazakh

وَلَا تَنْكِحُوا الْمُشْرِكَاتِ حَتَّىٰ يُؤْمِنَّ ۚ وَلَأَمَةٌ مُؤْمِنَةٌ خَيْرٌ مِنْ مُشْرِكَةٍ وَلَوْ أَعْجَبَتْكُمْ ۗ وَلَا تُنْكِحُوا الْمُشْرِكِينَ حَتَّىٰ يُؤْمِنُوا ۚ وَلَعَبْدٌ مُؤْمِنٌ خَيْرٌ مِنْ مُشْرِكٍ وَلَوْ أَعْجَبَكُمْ ۗ أُولَٰئِكَ يَدْعُونَ إِلَى النَّارِ ۖ وَاللَّهُ يَدْعُو إِلَى الْجَنَّةِ وَالْمَغْفِرَةِ بِإِذْنِهِ ۖ وَيُبَيِّنُ آيَاتِهِ لِلنَّاسِ لَعَلَّهُمْ يَتَذَكَّرُونَ
Аллаһқа серік қосушы мүшрік әйелдерге, олар иманға келгенге дейін үйленбеңдер. Ақиқатында, серік қосушы азат әйелден тіпті, ол өздеріңе ұнап тұрса да, иманға келген күң қайырлы. Сондай-ақ, иманға келгенге дейін мүшріктерге Аллаһқа серік қосушыларға Мұсылман әйелдерді тұрмысқа бермеңдер. Сөзсіз, серік қосушыдан ол сендерге ұнаса да, иманды мүмін құл қайырлы. Олар Аллаһқа серік қосушылар Отқа тозаққа шақырады. Ал, Аллаһ Өз рұқсатымен жәннатқа және кешірімге шақырады. Әрі Ол аяттарын адамдарға, олар еске алулары үшін түсіндіреді
وَيَسْأَلُونَكَ عَنِ الْمَحِيضِ ۖ قُلْ هُوَ أَذًى فَاعْتَزِلُوا النِّسَاءَ فِي الْمَحِيضِ ۖ وَلَا تَقْرَبُوهُنَّ حَتَّىٰ يَطْهُرْنَ ۖ فَإِذَا تَطَهَّرْنَ فَأْتُوهُنَّ مِنْ حَيْثُ أَمَرَكُمُ اللَّهُ ۚ إِنَّ اللَّهَ يُحِبُّ التَّوَّابِينَ وَيُحِبُّ الْمُتَطَهِّرِينَ
Ей, Мұхаммед! Әрі Олар сенен етеккір хайыз туралы сұрайды. Айт: «Ол жайсыздық, сондықтан етеккір кезінде әйелдерден олармен қосылудан шеттеңдер әрі оларға тазарғандарына дейін жақындаспаңдар. Қашан олар тазарса, оларға Аллаһ өздеріңе бұйырғанындай келіңдер», деп. Анығында, Аллаһ істеген күнәсіне шынайы өкініп, Өзіне бойсұнуға қайтушыларды тәубе етушілерді жақсы көреді әрі тазарушыларды жақсы көреді
نِسَاؤُكُمْ حَرْثٌ لَكُمْ فَأْتُوا حَرْثَكُمْ أَنَّىٰ شِئْتُمْ ۖ وَقَدِّمُوا لِأَنْفُسِكُمْ ۚ وَاتَّقُوا اللَّهَ وَاعْلَمُوا أَنَّكُمْ مُلَاقُوهُ ۗ وَبَشِّرِ الْمُؤْمِنِينَ
Әйелдерің сендер үшін егіндіктерің. Егіндіктеріңе өздерің қалаған түрде келіңдер.Өздерің үшін жақсылық әзірлеңдер және тақуалық етіңдер Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтаныңдар әріОған кездесетіндеріңді біліңдер. Имандыларды мүміндерді сүйіншіле
وَلَا تَجْعَلُوا اللَّهَ عُرْضَةً لِأَيْمَانِكُمْ أَنْ تَبَرُّوا وَتَتَّقُوا وَتُصْلِحُوا بَيْنَ النَّاسِ ۗ وَاللَّهُ سَمِيعٌ عَلِيمٌ
Игілік істеулеріне, тақуалық етулеріңе Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтануларыңа және адамдардың арасын жарастыруларың үшін берген анттарыңа – Аллаһты кедергі қылмандар. Аллаһ – барлық нәрсені Естуші , бәрін Білуші
لَا يُؤَاخِذُكُمُ اللَّهُ بِاللَّغْوِ فِي أَيْمَانِكُمْ وَلَٰكِنْ يُؤَاخِذُكُمْ بِمَا كَسَبَتْ قُلُوبُكُمْ ۗ وَاللَّهُ غَفُورٌ حَلِيمٌ
Аллаһ сендерді сөздеріңдегі бос анттарың үшін жазаламайды. Алайда, сендерді жүректерің бекітіп, істегені үшін жазалайды. Аллаһ – өте Кешірімді, аса Ұстамды

Choose other languages: