Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Baqara Ayahs #226 Translated in Kazakh

وَيَسْأَلُونَكَ عَنِ الْمَحِيضِ ۖ قُلْ هُوَ أَذًى فَاعْتَزِلُوا النِّسَاءَ فِي الْمَحِيضِ ۖ وَلَا تَقْرَبُوهُنَّ حَتَّىٰ يَطْهُرْنَ ۖ فَإِذَا تَطَهَّرْنَ فَأْتُوهُنَّ مِنْ حَيْثُ أَمَرَكُمُ اللَّهُ ۚ إِنَّ اللَّهَ يُحِبُّ التَّوَّابِينَ وَيُحِبُّ الْمُتَطَهِّرِينَ
Ей, Мұхаммед! Әрі Олар сенен етеккір хайыз туралы сұрайды. Айт: «Ол жайсыздық, сондықтан етеккір кезінде әйелдерден олармен қосылудан шеттеңдер әрі оларға тазарғандарына дейін жақындаспаңдар. Қашан олар тазарса, оларға Аллаһ өздеріңе бұйырғанындай келіңдер», деп. Анығында, Аллаһ істеген күнәсіне шынайы өкініп, Өзіне бойсұнуға қайтушыларды тәубе етушілерді жақсы көреді әрі тазарушыларды жақсы көреді
نِسَاؤُكُمْ حَرْثٌ لَكُمْ فَأْتُوا حَرْثَكُمْ أَنَّىٰ شِئْتُمْ ۖ وَقَدِّمُوا لِأَنْفُسِكُمْ ۚ وَاتَّقُوا اللَّهَ وَاعْلَمُوا أَنَّكُمْ مُلَاقُوهُ ۗ وَبَشِّرِ الْمُؤْمِنِينَ
Әйелдерің сендер үшін егіндіктерің. Егіндіктеріңе өздерің қалаған түрде келіңдер.Өздерің үшін жақсылық әзірлеңдер және тақуалық етіңдер Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтаныңдар әріОған кездесетіндеріңді біліңдер. Имандыларды мүміндерді сүйіншіле
وَلَا تَجْعَلُوا اللَّهَ عُرْضَةً لِأَيْمَانِكُمْ أَنْ تَبَرُّوا وَتَتَّقُوا وَتُصْلِحُوا بَيْنَ النَّاسِ ۗ وَاللَّهُ سَمِيعٌ عَلِيمٌ
Игілік істеулеріне, тақуалық етулеріңе Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтануларыңа және адамдардың арасын жарастыруларың үшін берген анттарыңа – Аллаһты кедергі қылмандар. Аллаһ – барлық нәрсені Естуші , бәрін Білуші
لَا يُؤَاخِذُكُمُ اللَّهُ بِاللَّغْوِ فِي أَيْمَانِكُمْ وَلَٰكِنْ يُؤَاخِذُكُمْ بِمَا كَسَبَتْ قُلُوبُكُمْ ۗ وَاللَّهُ غَفُورٌ حَلِيمٌ
Аллаһ сендерді сөздеріңдегі бос анттарың үшін жазаламайды. Алайда, сендерді жүректерің бекітіп, істегені үшін жазалайды. Аллаһ – өте Кешірімді, аса Ұстамды
لِلَّذِينَ يُؤْلُونَ مِنْ نِسَائِهِمْ تَرَبُّصُ أَرْبَعَةِ أَشْهُرٍ ۖ فَإِنْ فَاءُوا فَإِنَّ اللَّهَ غَفُورٌ رَحِيمٌ
Әйелдерімен жақындаспауға ант бергендер, төрт ай күту керек. Ал, егер олар антынан қайтса, анығында, Аллаһ – өте Кешірімді, ерекше Мейірімді

Choose other languages: