Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Baqara Ayahs #209 Translated in Kazakh

وَإِذَا تَوَلَّىٰ سَعَىٰ فِي الْأَرْضِ لِيُفْسِدَ فِيهَا وَيُهْلِكَ الْحَرْثَ وَالنَّسْلَ ۗ وَاللَّهُ لَا يُحِبُّ الْفَسَادَ
Ал, қашан ол қасыңнан кетсе, жер бетін бүлдіруге, егін мен ұрпақты құртуға әрекет етеді. Ал, Аллаһ бұзу-бүлдірушілікті жақсы көрмейді
وَإِذَا قِيلَ لَهُ اتَّقِ اللَّهَ أَخَذَتْهُ الْعِزَّةُ بِالْإِثْمِ ۚ فَحَسْبُهُ جَهَنَّمُ ۚ وَلَبِئْسَ الْمِهَادُ
Ал, қашан оған: «Аллаһтан қорық!»деп айтылса, оның менменсіп үстемсінуі оны күнәларға итермелейді. Оған Жаһаннам жеткілікті. Ол қандай жаман орын
وَمِنَ النَّاسِ مَنْ يَشْرِي نَفْسَهُ ابْتِغَاءَ مَرْضَاتِ اللَّهِ ۗ وَاللَّهُ رَءُوفٌ بِالْعِبَادِ
Адамдардың арасында Аллаһтың ризалығын іздеп, жанын сататындар да бар. Аллаһ құлдарына өте Мейірбан
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا ادْخُلُوا فِي السِّلْمِ كَافَّةً وَلَا تَتَّبِعُوا خُطُوَاتِ الشَّيْطَانِ ۚ إِنَّهُ لَكُمْ عَدُوٌّ مُبِينٌ
Ей, иманға келгендер! Исламға бүтіндей, толық кіріндер және шайтанның ізіне ермеңдер. Анығында, ол сендерге анық дұшпан
فَإِنْ زَلَلْتُمْ مِنْ بَعْدِ مَا جَاءَتْكُمُ الْبَيِّنَاتُ فَاعْلَمُوا أَنَّ اللَّهَ عَزِيزٌ حَكِيمٌ
Ал, егер сендер анық дәлелдер келгеннен кейін тура жолдан тайсаңдар, Аллаһтың бәрінен Үстем , аса Дана екенін біліңдер

Choose other languages: