Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Baqara Ayahs #212 Translated in Kazakh

يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا ادْخُلُوا فِي السِّلْمِ كَافَّةً وَلَا تَتَّبِعُوا خُطُوَاتِ الشَّيْطَانِ ۚ إِنَّهُ لَكُمْ عَدُوٌّ مُبِينٌ
Ей, иманға келгендер! Исламға бүтіндей, толық кіріндер және шайтанның ізіне ермеңдер. Анығында, ол сендерге анық дұшпан
فَإِنْ زَلَلْتُمْ مِنْ بَعْدِ مَا جَاءَتْكُمُ الْبَيِّنَاتُ فَاعْلَمُوا أَنَّ اللَّهَ عَزِيزٌ حَكِيمٌ
Ал, егер сендер анық дәлелдер келгеннен кейін тура жолдан тайсаңдар, Аллаһтың бәрінен Үстем , аса Дана екенін біліңдер
هَلْ يَنْظُرُونَ إِلَّا أَنْ يَأْتِيَهُمُ اللَّهُ فِي ظُلَلٍ مِنَ الْغَمَامِ وَالْمَلَائِكَةُ وَقُضِيَ الْأَمْرُ ۚ وَإِلَى اللَّهِ تُرْجَعُ الْأُمُورُ
Олар бұлттардың көлеңкесінде Аллаһтың келуін күте ме және періштелердің әрі істің шешілуін? Ал істер Аллаһқа қайтарылады
سَلْ بَنِي إِسْرَائِيلَ كَمْ آتَيْنَاهُمْ مِنْ آيَةٍ بَيِّنَةٍ ۗ وَمَنْ يُبَدِّلْ نِعْمَةَ اللَّهِ مِنْ بَعْدِ مَا جَاءَتْهُ فَإِنَّ اللَّهَ شَدِيدُ الْعِقَابِ
Исраил ұрпақтарынан, оларға қаншама анық белгілер келтіргенімізді сұра. Ал, кім Аллаһтың игілігін өзіне келгеннен кейін өзгертсе, күмәнсіз, Аллаһ жазалауда өте қатал
زُيِّنَ لِلَّذِينَ كَفَرُوا الْحَيَاةُ الدُّنْيَا وَيَسْخَرُونَ مِنَ الَّذِينَ آمَنُوا ۘ وَالَّذِينَ اتَّقَوْا فَوْقَهُمْ يَوْمَ الْقِيَامَةِ ۗ وَاللَّهُ يَرْزُقُ مَنْ يَشَاءُ بِغَيْرِ حِسَابٍ
Күпірлік етушілерге Аллаһқа қарсыкелушілерге бұл өмір көркем етіп көрсетілді және олар иманға келгендерді келеке қылады. Алайда, тақуа болғандар Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанғандар Қайта тірілу күні олардан жоғары болады. Аллаһ қалағанына өлшеусіз ризық береді

Choose other languages: