Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Baqara Ayahs #203 Translated in Kazakh

ثُمَّ أَفِيضُوا مِنْ حَيْثُ أَفَاضَ النَّاسُ وَاسْتَغْفِرُوا اللَّهَ ۚ إِنَّ اللَّهَ غَفُورٌ رَحِيمٌ
Содан кейін, ел қайтқан жерден қайтып, Аллаһтан кешірім тілеңдер. Күдіксіз Аллаһ өте Кешірімді , ерекше Мейірімді
فَإِذَا قَضَيْتُمْ مَنَاسِكَكُمْ فَاذْكُرُوا اللَّهَ كَذِكْرِكُمْ آبَاءَكُمْ أَوْ أَشَدَّ ذِكْرًا ۗ فَمِنَ النَّاسِ مَنْ يَقُولُ رَبَّنَا آتِنَا فِي الدُّنْيَا وَمَا لَهُ فِي الْآخِرَةِ مِنْ خَلَاقٍ
Қашан қажылық амалдарыңды өтеп болсаңдар, Аллаһты еске алыңдар, ата-бабаларыңды еске алғандай, тіпті одан да артық. Адамдардан кейбірі:«Раббымыз! Бізге осы! өмірде бер!» дейді. Оларға соңғы, мәңгілік өмірде ақиретте ешбір үлес жоқ
وَمِنْهُمْ مَنْ يَقُولُ رَبَّنَا آتِنَا فِي الدُّنْيَا حَسَنَةً وَفِي الْآخِرَةِ حَسَنَةً وَقِنَا عَذَابَ النَّارِ
Сондай-ақ олардың кейбірі: «Раббы­мыз! Бізге осы өмірде игілік бер әрі соңғы, мәңгілік өмірде ақиретте игілік бер және бізді От азабынан сақта!» дейді
أُولَٰئِكَ لَهُمْ نَصِيبٌ مِمَّا كَسَبُوا ۚ وَاللَّهُ سَرِيعُ الْحِسَابِ
Міне, олар үшін тапқандарынан істеген амалдарынан үлес бар. Аллаһ есеп алуда өте жылдам
وَاذْكُرُوا اللَّهَ فِي أَيَّامٍ مَعْدُودَاتٍ ۚ فَمَنْ تَعَجَّلَ فِي يَوْمَيْنِ فَلَا إِثْمَ عَلَيْهِ وَمَنْ تَأَخَّرَ فَلَا إِثْمَ عَلَيْهِ ۚ لِمَنِ اتَّقَىٰ ۗ وَاتَّقُوا اللَّهَ وَاعْلَمُوا أَنَّكُمْ إِلَيْهِ تُحْشَرُونَ
Аллаһты санаулы күндерде еске алыңдар, кім асықса Минадағы құлшылықтарды екі күн ішінде аяқтауында оған ешбір күнә жоқ. Ал кім қалса үшінші күнді аяқтаса , оған да күнә жоқ. Бұл тақуалық етушілер Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанушылар үшін. Аллаһтан Оның жазасынан қорқып, сақтаныңдар әрі Оған жиналатындарыңды біліңдер

Choose other languages: