Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Baqara Ayahs #170 Translated in Kazakh

إِذْ تَبَرَّأَ الَّذِينَ اتُّبِعُوا مِنَ الَّذِينَ اتَّبَعُوا وَرَأَوُا الْعَذَابَ وَتَقَطَّعَتْ بِهِمُ الْأَسْبَابُ
Сол уақытта Қиямет күні соңдарынан ерушілері болғандар ергендерден бас тартады. Әрі олар азапты көреді және араларындағы байланыстары үзіледі
وَقَالَ الَّذِينَ اتَّبَعُوا لَوْ أَنَّ لَنَا كَرَّةً فَنَتَبَرَّأَ مِنْهُمْ كَمَا تَبَرَّءُوا مِنَّا ۗ كَذَٰلِكَ يُرِيهِمُ اللَّهُ أَعْمَالَهُمْ حَسَرَاتٍ عَلَيْهِمْ ۖ وَمَا هُمْ بِخَارِجِينَ مِنَ النَّارِ
Ал, ергендер: «Егер де бізде дүниеге артқа қайтар мүмкіндік болғанда, олар бізден бас тартқандай, біз де олардан бас тартар едік»,- дейді. Осылайша, Аллаһ олардың амалдарын өздеріне өкініш етіп көрсетеді. Әрі олар Оттан шықпайды
يَا أَيُّهَا النَّاسُ كُلُوا مِمَّا فِي الْأَرْضِ حَلَالًا طَيِّبًا وَلَا تَتَّبِعُوا خُطُوَاتِ الشَّيْطَانِ ۚ إِنَّهُ لَكُمْ عَدُوٌّ مُبِينٌ
Ей, адамдар! Жердегі рұқсат етілген халал және жақсы нәрселерден жеңдер және шайтанның ізімен жүрмеңдер! Ақиқатында, ол сендерге анық дұшпан
إِنَّمَا يَأْمُرُكُمْ بِالسُّوءِ وَالْفَحْشَاءِ وَأَنْ تَقُولُوا عَلَى اللَّهِ مَا لَا تَعْلَمُونَ
Шын мәнінде, ол сендерге жамандық пен жиіркенішті істерді әрі Аллаһ туралы білмейтіндеріңді айтуды бұйырады
وَإِذَا قِيلَ لَهُمُ اتَّبِعُوا مَا أَنْزَلَ اللَّهُ قَالُوا بَلْ نَتَّبِعُ مَا أَلْفَيْنَا عَلَيْهِ آبَاءَنَا ۗ أَوَلَوْ كَانَ آبَاؤُهُمْ لَا يَعْقِلُونَ شَيْئًا وَلَا يَهْتَدُونَ
Ал, оларға: «Аллаһ түсіргенге еріңдер», делінсе, олар: «Жоқ, ата-бабаларымызды ненің үстінде қай жолда тапсақ, соған ереміз», дейді. Егер де ата-бабалары дін мәселесінде ешнәрсені дұрыс ұғынбаған әрі тура жол таппаған болса да ма

Choose other languages: