Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Baqara Ayahs #153 Translated in Kazakh

وَمِنْ حَيْثُ خَرَجْتَ فَوَلِّ وَجْهَكَ شَطْرَ الْمَسْجِدِ الْحَرَامِ ۖ وَإِنَّهُ لَلْحَقُّ مِنْ رَبِّكَ ۗ وَمَا اللَّهُ بِغَافِلٍ عَمَّا تَعْمَلُونَ
Қай жақтан шықсаң да намазда жүзіңді әл-Харам мешітіне қарата бұр. Анығында, бұл Раббыңнан бір ақиқат. Аллаһ сендердің не істеп жатқандарыңнан ғапыл қапы қалушы емес
وَمِنْ حَيْثُ خَرَجْتَ فَوَلِّ وَجْهَكَ شَطْرَ الْمَسْجِدِ الْحَرَامِ ۚ وَحَيْثُ مَا كُنْتُمْ فَوَلُّوا وُجُوهَكُمْ شَطْرَهُ لِئَلَّا يَكُونَ لِلنَّاسِ عَلَيْكُمْ حُجَّةٌ إِلَّا الَّذِينَ ظَلَمُوا مِنْهُمْ فَلَا تَخْشَوْهُمْ وَاخْشَوْنِي وَلِأُتِمَّ نِعْمَتِي عَلَيْكُمْ وَلَعَلَّكُمْ تَهْتَدُونَ
Қай жақтан шықсаң да намазда жүзіңді «әл-Харам» мешітіне қарата бұр. Әрі қай жерде болсаңдар да намазға тұрғанда жүздеріңді сол жаққа қаратыңдар. Бұл адамдардың әділетсіз болғандарынан басқаларында, сендерге қарсы бір дәлелболмауы үшін. Әрі сендерге деген игілігімді толықтыруым үшін және тура жолда болуларың үшін.Сондықтан олардан қорықпаңдар, Менен қорқыңдар
كَمَا أَرْسَلْنَا فِيكُمْ رَسُولًا مِنْكُمْ يَتْلُو عَلَيْكُمْ آيَاتِنَا وَيُزَكِّيكُمْ وَيُعَلِّمُكُمُ الْكِتَابَ وَالْحِكْمَةَ وَيُعَلِّمُكُمْ مَا لَمْ تَكُونُوا تَعْلَمُونَ
Сондай-ақ сендерге араларыңнан Елші жібердік. Ол сендерге аяттарымызды оқиды, сендерді тазартады және сендерге Кітап пен даналықты сүннетті үйретеді және білмегендеріңді үйретеді
فَاذْكُرُونِي أَذْكُرْكُمْ وَاشْكُرُوا لِي وَلَا تَكْفُرُونِ
Мені еске алыңдар, Мен де сендерді еске аламын. Әрі шүкір етіңдер берген игіліктеріме алғыс білдіріңдер және күпірлік етпеңдер серік қосу, күнә, шүкірсіздік арқылықарсы келмеңдер
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا اسْتَعِينُوا بِالصَّبْرِ وَالصَّلَاةِ ۚ إِنَّ اللَّهَ مَعَ الصَّابِرِينَ
Ей, иманға келгендер! Сабыр және намаз арқылы Аллаһтан жәрдем тілеңдер. Ақиқатында, Аллаһ сабыр етушілермен бірге

Choose other languages: