Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Araf Ayahs #101 Translated in Kazakh

أَفَأَمِنَ أَهْلُ الْقُرَىٰ أَنْ يَأْتِيَهُمْ بَأْسُنَا بَيَاتًا وَهُمْ نَائِمُونَ
Елді мекендердің тұрғындары, азабымыз оларға түн ішінде, ұйқыда жатқандарында келуінен қауіпсіз болды ма
أَوَأَمِنَ أَهْلُ الْقُرَىٰ أَنْ يَأْتِيَهُمْ بَأْسُنَا ضُحًى وَهُمْ يَلْعَبُونَ
Әлде, елді мекендердің тұрғындары азабымыз оларға сәскеде, ойнап жүрген кездерінде келуінен қауіпсіз болды ма
أَفَأَمِنُوا مَكْرَ اللَّهِ ۚ فَلَا يَأْمَنُ مَكْرَ اللَّهِ إِلَّا الْقَوْمُ الْخَاسِرُونَ
Олар Аллаһтың амал-тәсілінен қауіптенбеді ме? Аллаһтың амал-тәсілінен зиянға ұшырайтын ел ғана қауіптенбейді
أَوَلَمْ يَهْدِ لِلَّذِينَ يَرِثُونَ الْأَرْضَ مِنْ بَعْدِ أَهْلِهَا أَنْ لَوْ نَشَاءُ أَصَبْنَاهُمْ بِذُنُوبِهِمْ ۚ وَنَطْبَعُ عَلَىٰ قُلُوبِهِمْ فَهُمْ لَا يَسْمَعُونَ
Өздерінен алдыңғы тұрғындардан кейін жерге мирасқор болғандарға, егер қаласақ, оларды күнәлары үшін қиыншылыққа ұшырататынымызды көрсетпедік пе? Біз олардың жүректерін мөрлейміз де олар ақиқатты ести алмайтын болады
تِلْكَ الْقُرَىٰ نَقُصُّ عَلَيْكَ مِنْ أَنْبَائِهَا ۚ وَلَقَدْ جَاءَتْهُمْ رُسُلُهُمْ بِالْبَيِّنَاتِ فَمَا كَانُوا لِيُؤْمِنُوا بِمَا كَذَّبُوا مِنْ قَبْلُ ۚ كَذَٰلِكَ يَطْبَعُ اللَّهُ عَلَىٰ قُلُوبِ الْكَافِرِينَ
Ей, Мұхаммед! Сол елді мекендердің кейбірінің хабарларын саған баян етеміз. Оларға елшілер анық дәлелдермен келген еді. Бірақ өздері бұрын өтірікке шығарғандарына олар сенбеді. Аллаһ кәпірлердің жүректерін осылай мөрлейді

Choose other languages: