Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Araf Ayahs #43 Translated in Kazakh

وَقَالَتْ أُولَاهُمْ لِأُخْرَاهُمْ فَمَا كَانَ لَكُمْ عَلَيْنَا مِنْ فَضْلٍ فَذُوقُوا الْعَذَابَ بِمَا كُنْتُمْ تَكْسِبُونَ
Олардың алдыңғылары кейінгілеріне: «Сендердің бізден ешқандай артықшылықтарың болған жоқ. Енді істегендерің үшін азапты сендер де татыңдар», дейді
إِنَّ الَّذِينَ كَذَّبُوا بِآيَاتِنَا وَاسْتَكْبَرُوا عَنْهَا لَا تُفَتَّحُ لَهُمْ أَبْوَابُ السَّمَاءِ وَلَا يَدْخُلُونَ الْجَنَّةَ حَتَّىٰ يَلِجَ الْجَمَلُ فِي سَمِّ الْخِيَاطِ ۚ وَكَذَٰلِكَ نَجْزِي الْمُجْرِمِينَ
Ақиқатында, аяттарымызды өтірікке шығарған және өздерін одан жоғары санағандар үшін аспан есіктері ашылмайды. Әрі олар түйе иненің көзінен өтпейінше, жәннатқа кірмейді. Қылмыскерлердің күнәһарлардың қайтарым жазасын осылай береміз
لَهُمْ مِنْ جَهَنَّمَ مِهَادٌ وَمِنْ فَوْقِهِمْ غَوَاشٍ ۚ وَكَذَٰلِكَ نَجْزِي الظَّالِمِينَ
Оларға Жаһаннамда оттан төсек әрі үстерінде жамылғы болады. Әділетсіздердің қайтарым жазасын осылай береміз
وَالَّذِينَ آمَنُوا وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ لَا نُكَلِّفُ نَفْسًا إِلَّا وُسْعَهَا أُولَٰئِكَ أَصْحَابُ الْجَنَّةِ ۖ هُمْ فِيهَا خَالِدُونَ
Ал, иманға келген әрі ізгі амал жасағандар болса, міне, солар жәннаттықтар. Олар онда мәңгі қалушы. Анығында, Біз ешбір жанға шамасы келмейтін нәрсені жүктемейміз
وَنَزَعْنَا مَا فِي صُدُورِهِمْ مِنْ غِلٍّ تَجْرِي مِنْ تَحْتِهِمُ الْأَنْهَارُ ۖ وَقَالُوا الْحَمْدُ لِلَّهِ الَّذِي هَدَانَا لِهَٰذَا وَمَا كُنَّا لِنَهْتَدِيَ لَوْلَا أَنْ هَدَانَا اللَّهُ ۖ لَقَدْ جَاءَتْ رُسُلُ رَبِّنَا بِالْحَقِّ ۖ وَنُودُوا أَنْ تِلْكُمُ الْجَنَّةُ أُورِثْتُمُوهَا بِمَا كُنْتُمْ تَعْمَلُونَ
Біз олардың кеуделеріндегі реніш, қарсылықты шығардық. Олардың асты­нан өзендер ағып жатады, олар: «Барлық мақтау бізді осыған алып келген Аллаһқа. Егер Аллаһ бізді тура жолмен жүргізбегенде, біз тура жолды таба алмас едік. Анығында, Раббымыздың елшілері ақиқатпен келді», дейді. Оларға : «Міне, осы істеген амалдарың үшін сендерге мирас етіп берілген жәннат», деп үнделеді

Choose other languages: