Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Araf Ayahs #45 Translated in Kazakh

لَهُمْ مِنْ جَهَنَّمَ مِهَادٌ وَمِنْ فَوْقِهِمْ غَوَاشٍ ۚ وَكَذَٰلِكَ نَجْزِي الظَّالِمِينَ
Оларға Жаһаннамда оттан төсек әрі үстерінде жамылғы болады. Әділетсіздердің қайтарым жазасын осылай береміз
وَالَّذِينَ آمَنُوا وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ لَا نُكَلِّفُ نَفْسًا إِلَّا وُسْعَهَا أُولَٰئِكَ أَصْحَابُ الْجَنَّةِ ۖ هُمْ فِيهَا خَالِدُونَ
Ал, иманға келген әрі ізгі амал жасағандар болса, міне, солар жәннаттықтар. Олар онда мәңгі қалушы. Анығында, Біз ешбір жанға шамасы келмейтін нәрсені жүктемейміз
وَنَزَعْنَا مَا فِي صُدُورِهِمْ مِنْ غِلٍّ تَجْرِي مِنْ تَحْتِهِمُ الْأَنْهَارُ ۖ وَقَالُوا الْحَمْدُ لِلَّهِ الَّذِي هَدَانَا لِهَٰذَا وَمَا كُنَّا لِنَهْتَدِيَ لَوْلَا أَنْ هَدَانَا اللَّهُ ۖ لَقَدْ جَاءَتْ رُسُلُ رَبِّنَا بِالْحَقِّ ۖ وَنُودُوا أَنْ تِلْكُمُ الْجَنَّةُ أُورِثْتُمُوهَا بِمَا كُنْتُمْ تَعْمَلُونَ
Біз олардың кеуделеріндегі реніш, қарсылықты шығардық. Олардың асты­нан өзендер ағып жатады, олар: «Барлық мақтау бізді осыған алып келген Аллаһқа. Егер Аллаһ бізді тура жолмен жүргізбегенде, біз тура жолды таба алмас едік. Анығында, Раббымыздың елшілері ақиқатпен келді», дейді. Оларға : «Міне, осы істеген амалдарың үшін сендерге мирас етіп берілген жәннат», деп үнделеді
وَنَادَىٰ أَصْحَابُ الْجَنَّةِ أَصْحَابَ النَّارِ أَنْ قَدْ وَجَدْنَا مَا وَعَدَنَا رَبُّنَا حَقًّا فَهَلْ وَجَدْتُمْ مَا وَعَدَ رَبُّكُمْ حَقًّا ۖ قَالُوا نَعَمْ ۚ فَأَذَّنَ مُؤَذِّنٌ بَيْنَهُمْ أَنْ لَعْنَةُ اللَّهِ عَلَى الظَّالِمِينَ
жәннаттықтар оттағыларға тозақтағыларға дауыстап: «Негізінде, біз Раббымыздың уәде еткенін ақиқат түрінде таптық. Ал, сендер өздеріңнің Раббың уәде еткенін ақиқат түрінде таптыңдар ма?» дейді. олар. «Иә», дейді. Сонда олардың екі арасында бір жаршы жар салады: «Аллаһтың лағнеті әділетсіздерге
الَّذِينَ يَصُدُّونَ عَنْ سَبِيلِ اللَّهِ وَيَبْغُونَهَا عِوَجًا وَهُمْ بِالْآخِرَةِ كَافِرُونَ
Солар Аллаһтың жолынан тосатын, оны бұрмалауды қалайтын әрі соңғымәңгілік өмірге Ақиретке сенбейтіндер», деп

Choose other languages: