Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Araf Ayahs #32 Translated in Kazakh

وَإِذَا فَعَلُوا فَاحِشَةً قَالُوا وَجَدْنَا عَلَيْهَا آبَاءَنَا وَاللَّهُ أَمَرَنَا بِهَا ۗ قُلْ إِنَّ اللَّهَ لَا يَأْمُرُ بِالْفَحْشَاءِ ۖ أَتَقُولُونَ عَلَى اللَّهِ مَا لَا تَعْلَمُونَ
Олар имансыздар жиіркенішті іс жасаған кезде: «Аталарымыздың осы­лай жасайтынын көрдік әрі бізге мұны Аллаһ бұйырды», дейді. Ей, Мұхаммед! Айт: «Анығында, Аллаһ жиіркенішті іске бұйырмайды. Өздерің білмейтін нәрсені Аллаһқа жала етіп таңасыңдар ма?» деп
قُلْ أَمَرَ رَبِّي بِالْقِسْطِ ۖ وَأَقِيمُوا وُجُوهَكُمْ عِنْدَ كُلِّ مَسْجِدٍ وَادْعُوهُ مُخْلِصِينَ لَهُ الدِّينَ ۚ كَمَا بَدَأَكُمْ تَعُودُونَ
Ей, Мұхаммед! Айт: «Раббым әділдікті бұйырды. Әрбір сәжде жасайтын орында жүздеріңді қыбылаға бұрыңдар әрі Одан дінді тек Ол үшін ықыласпен ұстаған ширктен тазартқан халде тілеңдер. Ол сендерді о баста жаратқаны секілді қайтасыңдар
فَرِيقًا هَدَىٰ وَفَرِيقًا حَقَّ عَلَيْهِمُ الضَّلَالَةُ ۗ إِنَّهُمُ اتَّخَذُوا الشَّيَاطِينَ أَوْلِيَاءَ مِنْ دُونِ اللَّهِ وَيَحْسَبُونَ أَنَّهُمْ مُهْتَدُونَ
Ол бір топты тура жолға салды, ал, бір топқа, лайықты түрде адасуды жазды. Ақиқатында, олар адасқандар Аллаһты қойып, шайтандарды жолдас етіп алды және өздерін тура жолдамыз деп есептейді
يَا بَنِي آدَمَ خُذُوا زِينَتَكُمْ عِنْدَ كُلِّ مَسْجِدٍ وَكُلُوا وَاشْرَبُوا وَلَا تُسْرِفُوا ۚ إِنَّهُ لَا يُحِبُّ الْمُسْرِفِينَ
Ей, Адам ұрпақтары! Әрбір сәжде жасайтын орында көрікті киімдеріңді киіңдер. Жендер, ішіңдер әрі ысырап етпеңдер. Ақиқатында, Ол ысырап етушілерді жақсы көрмейді
قُلْ مَنْ حَرَّمَ زِينَةَ اللَّهِ الَّتِي أَخْرَجَ لِعِبَادِهِ وَالطَّيِّبَاتِ مِنَ الرِّزْقِ ۚ قُلْ هِيَ لِلَّذِينَ آمَنُوا فِي الْحَيَاةِ الدُّنْيَا خَالِصَةً يَوْمَ الْقِيَامَةِ ۗ كَذَٰلِكَ نُفَصِّلُ الْآيَاتِ لِقَوْمٍ يَعْلَمُونَ
Ей, Мұхаммед! Айт: «Аллаһтың құлдарына шығарған көрікті нәрселеріне және берген жақсы несібелеріне кім тыйым салды?» деп. Әрі : «Бұл несібе осы өмірде иманға келгендер үшін, ал Қайта тірілу күні тек иманға келгендер үшін ғана», деп айт. Біз аяттарды білетін адамдарға осылай анықтап түсіндіреміз

Choose other languages: