Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Araf Ayahs #35 Translated in Kazakh

يَا بَنِي آدَمَ خُذُوا زِينَتَكُمْ عِنْدَ كُلِّ مَسْجِدٍ وَكُلُوا وَاشْرَبُوا وَلَا تُسْرِفُوا ۚ إِنَّهُ لَا يُحِبُّ الْمُسْرِفِينَ
Ей, Адам ұрпақтары! Әрбір сәжде жасайтын орында көрікті киімдеріңді киіңдер. Жендер, ішіңдер әрі ысырап етпеңдер. Ақиқатында, Ол ысырап етушілерді жақсы көрмейді
قُلْ مَنْ حَرَّمَ زِينَةَ اللَّهِ الَّتِي أَخْرَجَ لِعِبَادِهِ وَالطَّيِّبَاتِ مِنَ الرِّزْقِ ۚ قُلْ هِيَ لِلَّذِينَ آمَنُوا فِي الْحَيَاةِ الدُّنْيَا خَالِصَةً يَوْمَ الْقِيَامَةِ ۗ كَذَٰلِكَ نُفَصِّلُ الْآيَاتِ لِقَوْمٍ يَعْلَمُونَ
Ей, Мұхаммед! Айт: «Аллаһтың құлдарына шығарған көрікті нәрселеріне және берген жақсы несібелеріне кім тыйым салды?» деп. Әрі : «Бұл несібе осы өмірде иманға келгендер үшін, ал Қайта тірілу күні тек иманға келгендер үшін ғана», деп айт. Біз аяттарды білетін адамдарға осылай анықтап түсіндіреміз
قُلْ إِنَّمَا حَرَّمَ رَبِّيَ الْفَوَاحِشَ مَا ظَهَرَ مِنْهَا وَمَا بَطَنَ وَالْإِثْمَ وَالْبَغْيَ بِغَيْرِ الْحَقِّ وَأَنْ تُشْرِكُوا بِاللَّهِ مَا لَمْ يُنَزِّلْ بِهِ سُلْطَانًا وَأَنْ تَقُولُوا عَلَى اللَّهِ مَا لَا تَعْلَمُونَ
Айт: «Шын мәнінде, Раббым жиіркенішті істерге, оның әшкере істелгеніне және жасырын істелгеніне де тыйым салды. Әрі күнәға, құқығы болмаса да өзгелердікін қалап, шектен шығуға және Аллаһ ешбір дәлел түсірілмеген нәрсені Оған серік етіп қосуларыңа әрі Аллаһқа қатысты өздерің білмейтін нәрселерді айтуларыңа тыйым салды», деп
وَلِكُلِّ أُمَّةٍ أَجَلٌ ۖ فَإِذَا جَاءَ أَجَلُهُمْ لَا يَسْتَأْخِرُونَ سَاعَةً ۖ وَلَا يَسْتَقْدِمُونَ
Әрбір халықтың бір мерзімі бар. Мерзімдері келген кезде, олар оны бір сәт артқа да кешеуілдетіп, не алға да ілгерілете алмайды
يَا بَنِي آدَمَ إِمَّا يَأْتِيَنَّكُمْ رُسُلٌ مِنْكُمْ يَقُصُّونَ عَلَيْكُمْ آيَاتِي ۙ فَمَنِ اتَّقَىٰ وَأَصْلَحَ فَلَا خَوْفٌ عَلَيْهِمْ وَلَا هُمْ يَحْزَنُونَ
Ей, Адам ұрпақтары! Сендерге іштеріңнен аяттарымды баян ететін елшілер келсе, сонда кім тақуалық етсе Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанса және өзін түзетсе, оларға қорқыныш жоқ әрі олар қайғырмайды

Choose other languages: