Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Araf Ayahs #204 Translated in Kazakh

وَإِمَّا يَنْزَغَنَّكَ مِنَ الشَّيْطَانِ نَزْغٌ فَاسْتَعِذْ بِاللَّهِ ۚ إِنَّهُ سَمِيعٌ عَلِيمٌ
Ал, қашан саған шайтаннан назг азғыру, жамандыққа итермелеу болса, Аллаһқа жүгініп, өзіңді қорғауын тіле. Ақиқатында, Ол әрбір нәрсені Естуші, бәрін Білуші
إِنَّ الَّذِينَ اتَّقَوْا إِذَا مَسَّهُمْ طَائِفٌ مِنَ الشَّيْطَانِ تَذَكَّرُوا فَإِذَا هُمْ مُبْصِرُونَ
Тақуалық етушілер Аллаһтың бұйырғандарын орындап, жазасынан қорқып, сақтанушылар өздеріне шайтаннан бір азғыру тисе, Аллаһты еске алады да, сөйтіп көзі ашылады түсінеді
وَإِخْوَانُهُمْ يَمُدُّونَهُمْ فِي الْغَيِّ ثُمَّ لَا يُقْصِرُونَ
Олар шайтандар серіктеріне адастыруда көмектеседі, сөйтіп олар азғыруларын тоқтатпайды
وَإِذَا لَمْ تَأْتِهِمْ بِآيَةٍ قَالُوا لَوْلَا اجْتَبَيْتَهَا ۚ قُلْ إِنَّمَا أَتَّبِعُ مَا يُوحَىٰ إِلَيَّ مِنْ رَبِّي ۚ هَٰذَا بَصَائِرُ مِنْ رَبِّكُمْ وَهُدًى وَرَحْمَةٌ لِقَوْمٍ يُؤْمِنُونَ
Ей, Мұхаммед! Қашан оларға бір аят келтірмей қалсаң, олар: «Оны ойыңнан құрастыра салмайсың ба?» дейді. Оларға: «Шын мәнінде, мен өзіме Раббымнан уахи етілетінге ғана еремін», де. Міне, осы Құран сендердің Раббыңнан ашық дәлел және иманға келген адамдар үшін тура жол әрі мейірім
وَإِذَا قُرِئَ الْقُرْآنُ فَاسْتَمِعُوا لَهُ وَأَنْصِتُوا لَعَلَّكُمْ تُرْحَمُونَ
Құран оқылған кезде, мейірімге бө­лену үшін оны ден қойып тыңдап, тыныштық сақтаңдар

Choose other languages: