Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Araf Ayahs #206 Translated in Kazakh

وَإِخْوَانُهُمْ يَمُدُّونَهُمْ فِي الْغَيِّ ثُمَّ لَا يُقْصِرُونَ
Олар шайтандар серіктеріне адастыруда көмектеседі, сөйтіп олар азғыруларын тоқтатпайды
وَإِذَا لَمْ تَأْتِهِمْ بِآيَةٍ قَالُوا لَوْلَا اجْتَبَيْتَهَا ۚ قُلْ إِنَّمَا أَتَّبِعُ مَا يُوحَىٰ إِلَيَّ مِنْ رَبِّي ۚ هَٰذَا بَصَائِرُ مِنْ رَبِّكُمْ وَهُدًى وَرَحْمَةٌ لِقَوْمٍ يُؤْمِنُونَ
Ей, Мұхаммед! Қашан оларға бір аят келтірмей қалсаң, олар: «Оны ойыңнан құрастыра салмайсың ба?» дейді. Оларға: «Шын мәнінде, мен өзіме Раббымнан уахи етілетінге ғана еремін», де. Міне, осы Құран сендердің Раббыңнан ашық дәлел және иманға келген адамдар үшін тура жол әрі мейірім
وَإِذَا قُرِئَ الْقُرْآنُ فَاسْتَمِعُوا لَهُ وَأَنْصِتُوا لَعَلَّكُمْ تُرْحَمُونَ
Құран оқылған кезде, мейірімге бө­лену үшін оны ден қойып тыңдап, тыныштық сақтаңдар
وَاذْكُرْ رَبَّكَ فِي نَفْسِكَ تَضَرُّعًا وَخِيفَةً وَدُونَ الْجَهْرِ مِنَ الْقَوْلِ بِالْغُدُوِّ وَالْآصَالِ وَلَا تَكُنْ مِنَ الْغَافِلِينَ
Ей, Мұхаммед! Әрі Раббыңды таңертең және күн батардан алдын бойсұна жалбарынып, қорыққан түрде әрі бәсең үнмен іштей есіңе ал және қаперсіздерден болма
إِنَّ الَّذِينَ عِنْدَ رَبِّكَ لَا يَسْتَكْبِرُونَ عَنْ عِبَادَتِهِ وَيُسَبِّحُونَهُ وَلَهُ يَسْجُدُونَ ۩
Ақиқатында, Раббыңның алдындағылар періштелер , Оған Құлшылық қылудан өздерін жоғары қоймайды, Оны барлық кемшіліктен пәк деп дәріптейді әрі Оған сәжде жасайды

Choose other languages: