Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Araf Ayahs #199 Translated in Kazakh

أَلَهُمْ أَرْجُلٌ يَمْشُونَ بِهَا ۖ أَمْ لَهُمْ أَيْدٍ يَبْطِشُونَ بِهَا ۖ أَمْ لَهُمْ أَعْيُنٌ يُبْصِرُونَ بِهَا ۖ أَمْ لَهُمْ آذَانٌ يَسْمَعُونَ بِهَا ۗ قُلِ ادْعُوا شُرَكَاءَكُمْ ثُمَّ كِيدُونِ فَلَا تُنْظِرُونِ
Олардың жүретін аяқтары бар ма, әлде олардың ұстайтын қолдары бар ма, не олардың көретін көздері бар ма немесе олардың еститін құлақтары бар ма? Айт: «Серік етіп қосқандарыңды шақырыңдар, содан кейін маған мұрсат бермей, айла-шарғы істеңдер
إِنَّ وَلِيِّيَ اللَّهُ الَّذِي نَزَّلَ الْكِتَابَ ۖ وَهُوَ يَتَوَلَّى الصَّالِحِينَ
Ақиқатында менің қамқоршым Кітапты түсірген Аллаһ. Ол ізгілерге қамқорлық етеді
وَالَّذِينَ تَدْعُونَ مِنْ دُونِهِ لَا يَسْتَطِيعُونَ نَصْرَكُمْ وَلَا أَنْفُسَهُمْ يَنْصُرُونَ
Ал, Одан өзге шақыратындарыңның табынатындарың сендерге көмек беруге күші жетпейді. Әрі олар өздеріне де көмектесе алмайды», деп
وَإِنْ تَدْعُوهُمْ إِلَى الْهُدَىٰ لَا يَسْمَعُوا ۖ وَتَرَاهُمْ يَنْظُرُونَ إِلَيْكَ وَهُمْ لَا يُبْصِرُونَ
Егер оларды тура жолға шақырсаңдар, олар естімейді. Сен оларды өзіңе қарап тұрғандай көресің. Бірақ, олар көрмейді
خُذِ الْعَفْوَ وَأْمُرْ بِالْعُرْفِ وَأَعْرِضْ عَنِ الْجَاهِلِينَ
Ей, Мұхаммед, кешірімділікті ұстан, құпталғанға бұйыр және надандардан теріс бұрыл

Choose other languages: