Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Araf Ayahs #188 Translated in Kazakh

أَوَلَمْ يَتَفَكَّرُوا ۗ مَا بِصَاحِبِهِمْ مِنْ جِنَّةٍ ۚ إِنْ هُوَ إِلَّا نَذِيرٌ مُبِينٌ
Олар ойланып қарамады ма? Жолдастарың Мұхаммед жынды емес. Ол тек, анық ескертуші ғана
أَوَلَمْ يَنْظُرُوا فِي مَلَكُوتِ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ وَمَا خَلَقَ اللَّهُ مِنْ شَيْءٍ وَأَنْ عَسَىٰ أَنْ يَكُونَ قَدِ اقْتَرَبَ أَجَلُهُمْ ۖ فَبِأَيِّ حَدِيثٍ بَعْدَهُ يُؤْمِنُونَ
Олар аспандардың және жердің мүліктеріне әрі Аллаһ жаратқан әрбір нәрсеге назар салмады ма? Сондай-ақ, мүмкін олардың мерзімдері ажалдары жақындаған шығар? Осыдан кейін олар қай сөзге сенер екен
مَنْ يُضْلِلِ اللَّهُ فَلَا هَادِيَ لَهُ ۚ وَيَذَرُهُمْ فِي طُغْيَانِهِمْ يَعْمَهُونَ
Аллаһ кімді адастырса, ол үшін ту­ра жолға салушы жоқ. Ол Аллаһ оларды өздерінің шектен шығуларында қаңғыртып қояды
يَسْأَلُونَكَ عَنِ السَّاعَةِ أَيَّانَ مُرْسَاهَا ۖ قُلْ إِنَّمَا عِلْمُهَا عِنْدَ رَبِّي ۖ لَا يُجَلِّيهَا لِوَقْتِهَا إِلَّا هُوَ ۚ ثَقُلَتْ فِي السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ ۚ لَا تَأْتِيكُمْ إِلَّا بَغْتَةً ۗ يَسْأَلُونَكَ كَأَنَّكَ حَفِيٌّ عَنْهَا ۖ قُلْ إِنَّمَا عِلْمُهَا عِنْدَ اللَّهِ وَلَٰكِنَّ أَكْثَرَ النَّاسِ لَا يَعْلَمُونَ
Ей, Мұхаммед! Олар сенен Сағаттың Қияметтің қашан орнайтындығын сұрайды. Айт: «Шын мәнінде, оның білімі менің Раббымда. Оны мезгілі келгенде, Ол ғана ашады. Ол аспандарға және жерге ауыр. Ол сендерге тосыннан келеді», деп. Олар сенен, бейне бір сен ол жайлы жақсы білетін секілді сұрайды. Айт: «Шын мәнінде, оның білімі Аллаһта. Алайда, адамдардың көбі білмейді», деп
قُلْ لَا أَمْلِكُ لِنَفْسِي نَفْعًا وَلَا ضَرًّا إِلَّا مَا شَاءَ اللَّهُ ۚ وَلَوْ كُنْتُ أَعْلَمُ الْغَيْبَ لَاسْتَكْثَرْتُ مِنَ الْخَيْرِ وَمَا مَسَّنِيَ السُّوءُ ۚ إِنْ أَنَا إِلَّا نَذِيرٌ وَبَشِيرٌ لِقَوْمٍ يُؤْمِنُونَ
Айт: «Аллаһ қаламайынша, мен өзім үшін пайда, зиян келтіру билігіне ие емеспін. Егер де ғайыпты жасырын нәрселерді білетін болғанымда, жақсылықты көбейтіп алар едім және маған ешбір жамандық тимес еді. Мен бар болғаны иманға келген адамдар үшін ескертуші және қуанышты хабар жеткізушімін», деп

Choose other languages: