Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Araf Ayahs #162 Translated in Kazakh

قُلْ يَا أَيُّهَا النَّاسُ إِنِّي رَسُولُ اللَّهِ إِلَيْكُمْ جَمِيعًا الَّذِي لَهُ مُلْكُ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ ۖ لَا إِلَٰهَ إِلَّا هُوَ يُحْيِي وَيُمِيتُ ۖ فَآمِنُوا بِاللَّهِ وَرَسُولِهِ النَّبِيِّ الْأُمِّيِّ الَّذِي يُؤْمِنُ بِاللَّهِ وَكَلِمَاتِهِ وَاتَّبِعُوهُ لَعَلَّكُمْ تَهْتَدُونَ
Ей, Мұхаммед! Айт: «Ей, адамдар! Ақиқатында мен сендердің барлығыңа жіберілген Аллаһтың Елшісімін. Аспандардың және жердің иелігі Онікі. Одан басқа ешбір құдай жоқ. Ол тірілтеді және өлтіреді. Тура жол табу үшін Аллаһқа сеніңдер және Оның Елшісіне, Аллаһқа әрі Оның сөздеріне сенуші, оқу жазуды білмейтін, Пайғамбарға сеніңдер және оған еріндер», деп
وَمِنْ قَوْمِ مُوسَىٰ أُمَّةٌ يَهْدُونَ بِالْحَقِّ وَبِهِ يَعْدِلُونَ
Мұсаның елінің ішінде де ақиқатпен тура жолға бастайтын әрі онымен әділдік ететін бір топ бар
وَقَطَّعْنَاهُمُ اثْنَتَيْ عَشْرَةَ أَسْبَاطًا أُمَمًا ۚ وَأَوْحَيْنَا إِلَىٰ مُوسَىٰ إِذِ اسْتَسْقَاهُ قَوْمُهُ أَنِ اضْرِبْ بِعَصَاكَ الْحَجَرَ ۖ فَانْبَجَسَتْ مِنْهُ اثْنَتَا عَشْرَةَ عَيْنًا ۖ قَدْ عَلِمَ كُلُّ أُنَاسٍ مَشْرَبَهُمْ ۚ وَظَلَّلْنَا عَلَيْهِمُ الْغَمَامَ وَأَنْزَلْنَا عَلَيْهِمُ الْمَنَّ وَالسَّلْوَىٰ ۖ كُلُوا مِنْ طَيِّبَاتِ مَا رَزَقْنَاكُمْ ۚ وَمَا ظَلَمُونَا وَلَٰكِنْ كَانُوا أَنْفُسَهُمْ يَظْلِمُونَ
Біз оларды он екі ру елге бөлдік. Мұсадан халқы су сұраған кезде, оған: «Таяғыңмен тасты ұр» деп уахи еттік. Сонда одан тастан он екі бұлақ жарып шығып, адамдардың әрбірі өз суатын білетін болды. Оларға бұлтты көлеңке етіп, мәнн және сәлуәні көктен түсірілген тәтті тағам түсірдік те: «Біз сендерге ризық етіп берген жақсы нәрселерден жеңдер», дедік. Олар бізге әділетсіздік етпеді, алайда олар өздеріне әділетсіздік еткен еді
وَإِذْ قِيلَ لَهُمُ اسْكُنُوا هَٰذِهِ الْقَرْيَةَ وَكُلُوا مِنْهَا حَيْثُ شِئْتُمْ وَقُولُوا حِطَّةٌ وَادْخُلُوا الْبَابَ سُجَّدًا نَغْفِرْ لَكُمْ خَطِيئَاتِكُمْ ۚ سَنَزِيدُ الْمُحْسِنِينَ
Кезінде Оларға: «Осы кентте тұрыңдар, оның кез келген жерінен ұнатқандарыңды жеңдер, «Хытта» күнәмізді кешір деп, қақпадан сәжде жасаған күйде кіріңдер. Біз қателіктеріңді кешіреміз және жақсылықты ықыласпен істеушілерге арттырып береміз», деп айтылды
فَبَدَّلَ الَّذِينَ ظَلَمُوا مِنْهُمْ قَوْلًا غَيْرَ الَّذِي قِيلَ لَهُمْ فَأَرْسَلْنَا عَلَيْهِمْ رِجْزًا مِنَ السَّمَاءِ بِمَا كَانُوا يَظْلِمُونَ
Олардың арасындағы әділетсіздік еткендер, өздеріне айтылған сөзді басқаға ауыстырды. Сонда Біз Оларға әділетсіздік еткендіктері үшін аспаннан азап жібердік

Choose other languages: