Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Araf Ayahs #142 Translated in Kazakh

وَجَاوَزْنَا بِبَنِي إِسْرَائِيلَ الْبَحْرَ فَأَتَوْا عَلَىٰ قَوْمٍ يَعْكُفُونَ عَلَىٰ أَصْنَامٍ لَهُمْ ۚ قَالُوا يَا مُوسَى اجْعَلْ لَنَا إِلَٰهًا كَمَا لَهُمْ آلِهَةٌ ۚ قَالَ إِنَّكُمْ قَوْمٌ تَجْهَلُونَ
Біз Исраил ұрпақтарын теңізден алып өттік. Сонда олар пұттарына табынып жатқан бір елге келді. Исраилдықтар : «Ей, Мұса! Мыналардың құдайлары сияқты, бізге де бір құдай жасап бер», деді. Мұса : «Негізінде, сендер білмейтін надан ел екенсіңдер
إِنَّ هَٰؤُلَاءِ مُتَبَّرٌ مَا هُمْ فِيهِ وَبَاطِلٌ مَا كَانُوا يَعْمَلُونَ
Бұлардың табынып, ұстанғаны жойылады, олардың жасаған амалдарының бәрі өтірік», деді
قَالَ أَغَيْرَ اللَّهِ أَبْغِيكُمْ إِلَٰهًا وَهُوَ فَضَّلَكُمْ عَلَى الْعَالَمِينَ
Мұса : «Аллаһ сендерді әлемдерден артық еткен бола тұрып, сендер үшін Одан басқа құдай іздейін бе?» деді
وَإِذْ أَنْجَيْنَاكُمْ مِنْ آلِ فِرْعَوْنَ يَسُومُونَكُمْ سُوءَ الْعَذَابِ ۖ يُقَتِّلُونَ أَبْنَاءَكُمْ وَيَسْتَحْيُونَ نِسَاءَكُمْ ۚ وَفِي ذَٰلِكُمْ بَلَاءٌ مِنْ رَبِّكُمْ عَظِيمٌ
Кезінде, Біз сендерді ұл балаларыңды өлтіріп, әйелдеріңді тірі қалдырып, азаптың ең жаманына салып отырған Фиръаун әулетінен құтқарғанымызды естеріңе алыңдар Ей, Исраил ұрпақтары . Міне, осыларда өздеріңнің Раббыңнан үлкен сынақ бар
وَوَاعَدْنَا مُوسَىٰ ثَلَاثِينَ لَيْلَةً وَأَتْمَمْنَاهَا بِعَشْرٍ فَتَمَّ مِيقَاتُ رَبِّهِ أَرْبَعِينَ لَيْلَةً ۚ وَقَالَ مُوسَىٰ لِأَخِيهِ هَارُونَ اخْلُفْنِي فِي قَوْمِي وَأَصْلِحْ وَلَا تَتَّبِعْ سَبِيلَ الْمُفْسِدِينَ
Әрі Біз Мұсаға отыз түн белгілеп , уәде еттік. Кейін оны онмен толықтырдық. Оның Раббысы белгілеген уақыт қырық түнге толды. Мұса бауыры Һарунға: «Елде менің орныма қалып түзуле туралыққа шақыр және бұзушы-бүлдірушілердің жолына ерме», деді

Choose other languages: