Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Araf Ayahs #133 Translated in Kazakh

قَالُوا أُوذِينَا مِنْ قَبْلِ أَنْ تَأْتِيَنَا وَمِنْ بَعْدِ مَا جِئْتَنَا ۚ قَالَ عَسَىٰ رَبُّكُمْ أَنْ يُهْلِكَ عَدُوَّكُمْ وَيَسْتَخْلِفَكُمْ فِي الْأَرْضِ فَيَنْظُرَ كَيْفَ تَعْمَلُونَ
Исраилдіктер : «Бізге сен келместен бұрын да және сен келгеннен кейін де зәбір көрсетілуде!» деді. Мұса : «Мүмкін, сендердің Раббың дұшпандарыңды құртып, қалай амал жасайтындарыңды бақылауы үшін сендерді бұл жерде олардың орнын басушы етеді», деді
وَلَقَدْ أَخَذْنَا آلَ فِرْعَوْنَ بِالسِّنِينَ وَنَقْصٍ مِنَ الثَّمَرَاتِ لَعَلَّهُمْ يَذَّكَّرُونَ
Біз Фиръаунның әулетін, олар ескерту алуы үшін құрғақшылық жылдармен және өнімдерді кемітумен қолға алдық
فَإِذَا جَاءَتْهُمُ الْحَسَنَةُ قَالُوا لَنَا هَٰذِهِ ۖ وَإِنْ تُصِبْهُمْ سَيِّئَةٌ يَطَّيَّرُوا بِمُوسَىٰ وَمَنْ مَعَهُ ۗ أَلَا إِنَّمَا طَائِرُهُمْ عِنْدَ اللَّهِ وَلَٰكِنَّ أَكْثَرَهُمْ لَا يَعْلَمُونَ
Қашан оларға бір жақсылық келсе: «бұл біздің хақымыз», деді. Егер оларға! бір жамандық жетсе, оны Мұса және онымен | бірге болғандардан деп санайды. Шын мәнінде оларға келген нәрсе Аллаһта. Алайда олардың көпшілігі білмейді
وَقَالُوا مَهْمَا تَأْتِنَا بِهِ مِنْ آيَةٍ لِتَسْحَرَنَا بِهَا فَمَا نَحْنُ لَكَ بِمُؤْمِنِينَ
Олар: «Сен бізге, бізді сиқырлау үшінқандайда бір белгі-мұғжиза әкелсең де біз [ саған сенбейміз», деді]
فَأَرْسَلْنَا عَلَيْهِمُ الطُّوفَانَ وَالْجَرَادَ وَالْقُمَّلَ وَالضَّفَادِعَ وَالدَّمَ آيَاتٍ مُفَصَّلَاتٍ فَاسْتَكْبَرُوا وَكَانُوا قَوْمًا مُجْرِمِينَ
Біз оларға анық көрсетілген белгі-мұғжизаларды: шегіртке, бит, құрбақа және қан жібердік. Бірақ олар менменсіп, өздерін жоғары санады әрі олар қылмыскер ел еді

Choose other languages: