Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Ankabut Ayahs #51 Translated in Kazakh

وَكَذَٰلِكَ أَنْزَلْنَا إِلَيْكَ الْكِتَابَ ۚ فَالَّذِينَ آتَيْنَاهُمُ الْكِتَابَ يُؤْمِنُونَ بِهِ ۖ وَمِنْ هَٰؤُلَاءِ مَنْ يُؤْمِنُ بِهِ ۚ وَمَا يَجْحَدُ بِآيَاتِنَا إِلَّا الْكَافِرُونَ
Ей, Мұхаммед! Міне, осылай саған Кітап түсірдік. Ал, өздеріне Кітап бергендеріміз оған Құранға сенеді. Әрі бұлардан да оған сенетіндер бар. Біздің аяттарымызды тек кәпірлер ғана теріске шығарады
وَمَا كُنْتَ تَتْلُو مِنْ قَبْلِهِ مِنْ كِتَابٍ وَلَا تَخُطُّهُ بِيَمِينِكَ ۖ إِذًا لَارْتَابَ الْمُبْطِلُونَ
Сен бұған дейін ешқандай жазбаны оқыған жоқсың және оны қолыңмен жазған жоқсың. Олай болғанда өтірік санаушылар күмәнданған болар еді
بَلْ هُوَ آيَاتٌ بَيِّنَاتٌ فِي صُدُورِ الَّذِينَ أُوتُوا الْعِلْمَ ۚ وَمَا يَجْحَدُ بِآيَاتِنَا إِلَّا الظَّالِمُونَ
Жоқ! Олай емес, бұл Құран өздеріне білім берілгендердің кеуделеріндегі анық аяттар. Біздің аяттарымызды әділетсіздер ғана теріске шығарады
وَقَالُوا لَوْلَا أُنْزِلَ عَلَيْهِ آيَاتٌ مِنْ رَبِّهِ ۖ قُلْ إِنَّمَا الْآيَاتُ عِنْدَ اللَّهِ وَإِنَّمَا أَنَا نَذِيرٌ مُبِينٌ
Олар: «Оған Раббысынан белгі-мұғжизалар неге түсірілмейді?» деді. Айт: «Мұғжизалар тек Аллаһта, ал мен анық ескертуші ғанамын», деп
أَوَلَمْ يَكْفِهِمْ أَنَّا أَنْزَلْنَا عَلَيْكَ الْكِتَابَ يُتْلَىٰ عَلَيْهِمْ ۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَرَحْمَةً وَذِكْرَىٰ لِقَوْمٍ يُؤْمِنُونَ
Ей, Мұхаммед! Оларға оқылып жатқан Кітапты саған түсіргеніміз, олар үшін жеткілікті емес пе? Ақиқатында онда Құранда сенетін ел үшін мейірім әрі еске салу бар

Choose other languages: