Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Ankabut Ayahs #50 Translated in Kazakh

وَلَا تُجَادِلُوا أَهْلَ الْكِتَابِ إِلَّا بِالَّتِي هِيَ أَحْسَنُ إِلَّا الَّذِينَ ظَلَمُوا مِنْهُمْ ۖ وَقُولُوا آمَنَّا بِالَّذِي أُنْزِلَ إِلَيْنَا وَأُنْزِلَ إِلَيْكُمْ وَإِلَٰهُنَا وَإِلَٰهُكُمْ وَاحِدٌ وَنَحْنُ لَهُ مُسْلِمُونَ
Кітап берілген қауымның әділетсіздік жасағандарынан басқасымен тек жақсы нәрсемен болмаса пікір таластырмаңдар. Әрі айтыңдар: «Біз өзімізге түсірілгенге және сендерге түсірілгенге сендік. Біздің құдайымыз бен сендердің құдайың- біреу әрі біз Оған бойсұнушымыз», деп
وَكَذَٰلِكَ أَنْزَلْنَا إِلَيْكَ الْكِتَابَ ۚ فَالَّذِينَ آتَيْنَاهُمُ الْكِتَابَ يُؤْمِنُونَ بِهِ ۖ وَمِنْ هَٰؤُلَاءِ مَنْ يُؤْمِنُ بِهِ ۚ وَمَا يَجْحَدُ بِآيَاتِنَا إِلَّا الْكَافِرُونَ
Ей, Мұхаммед! Міне, осылай саған Кітап түсірдік. Ал, өздеріне Кітап бергендеріміз оған Құранға сенеді. Әрі бұлардан да оған сенетіндер бар. Біздің аяттарымызды тек кәпірлер ғана теріске шығарады
وَمَا كُنْتَ تَتْلُو مِنْ قَبْلِهِ مِنْ كِتَابٍ وَلَا تَخُطُّهُ بِيَمِينِكَ ۖ إِذًا لَارْتَابَ الْمُبْطِلُونَ
Сен бұған дейін ешқандай жазбаны оқыған жоқсың және оны қолыңмен жазған жоқсың. Олай болғанда өтірік санаушылар күмәнданған болар еді
بَلْ هُوَ آيَاتٌ بَيِّنَاتٌ فِي صُدُورِ الَّذِينَ أُوتُوا الْعِلْمَ ۚ وَمَا يَجْحَدُ بِآيَاتِنَا إِلَّا الظَّالِمُونَ
Жоқ! Олай емес, бұл Құран өздеріне білім берілгендердің кеуделеріндегі анық аяттар. Біздің аяттарымызды әділетсіздер ғана теріске шығарады
وَقَالُوا لَوْلَا أُنْزِلَ عَلَيْهِ آيَاتٌ مِنْ رَبِّهِ ۖ قُلْ إِنَّمَا الْآيَاتُ عِنْدَ اللَّهِ وَإِنَّمَا أَنَا نَذِيرٌ مُبِينٌ
Олар: «Оған Раббысынан белгі-мұғжизалар неге түсірілмейді?» деді. Айт: «Мұғжизалар тек Аллаһта, ал мен анық ескертуші ғанамын», деп

Choose other languages: