Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Anfal Ayahs #23 Translated in Kazakh

إِنْ تَسْتَفْتِحُوا فَقَدْ جَاءَكُمُ الْفَتْحُ ۖ وَإِنْ تَنْتَهُوا فَهُوَ خَيْرٌ لَكُمْ ۖ وَإِنْ تَعُودُوا نَعُدْ وَلَنْ تُغْنِيَ عَنْكُمْ فِئَتُكُمْ شَيْئًا وَلَوْ كَثُرَتْ وَأَنَّ اللَّهَ مَعَ الْمُؤْمِنِينَ
Ей, мүшріктер, егер сендер жеңіс шешім шығарылуын сұраған болсаңдар, міне сендерге жеңіс шешім шығарылды . Егер тыйылсаңдар, бұл өздерің үшін қайырлы. Ал, егер қайталасаңдар, Біз де қайталаймыз. Топтарың қанша көп болса да, сендерге ешқандай пайда бермейді. Анығында, Аллаһ имандылармен бірге
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا أَطِيعُوا اللَّهَ وَرَسُولَهُ وَلَا تَوَلَّوْا عَنْهُ وَأَنْتُمْ تَسْمَعُونَ
Ей, иманға келгендер! Аллаһқа және Оның Елшісіне бойсұныңдар. Әрі естіп тұрып одан теріс бұрылмаңдар
وَلَا تَكُونُوا كَالَّذِينَ قَالُوا سَمِعْنَا وَهُمْ لَا يَسْمَعُونَ
Әрі өздері құлақ аспаса да, «естідік» дегендер тәрізді болмаңдар
إِنَّ شَرَّ الدَّوَابِّ عِنْدَ اللَّهِ الصُّمُّ الْبُكْمُ الَّذِينَ لَا يَعْقِلُونَ
Шын мәнінде, Аллаһтың алдында жерде жүретіндердің ең нашары ақылмен ұғынбайтын саңырау, мылқауы
وَلَوْ عَلِمَ اللَّهُ فِيهِمْ خَيْرًا لَأَسْمَعَهُمْ ۖ وَلَوْ أَسْمَعَهُمْ لَتَوَلَّوْا وَهُمْ مُعْرِضُونَ
Егер оларда бір игілік бар болғанда, Аллаһ оларға міндетті түрде құлақ астыратын еді. Ал егер Оларға осы жағдайында естірткен күнде де олар бет бұрған күйде, теріс айналып кетер еді

Choose other languages: