Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Anaam Ayahs #50 Translated in Kazakh

قُلْ أَرَأَيْتُمْ إِنْ أَخَذَ اللَّهُ سَمْعَكُمْ وَأَبْصَارَكُمْ وَخَتَمَ عَلَىٰ قُلُوبِكُمْ مَنْ إِلَٰهٌ غَيْرُ اللَّهِ يَأْتِيكُمْ بِهِ ۗ انْظُرْ كَيْفَ نُصَرِّفُ الْآيَاتِ ثُمَّ هُمْ يَصْدِفُونَ
Ей, Мұхаммед! Айт: «Айтыңдаршы, егер Аллаһ сендердің есту және көрулеріңді алып қойып, жүректеріңді мөрлеп тастаса, сендерге оны беретін Аллаһтан басқа құдай бар ма?» деп. Біздің аяттарды қалай түсіндіретінімізге назар сал, ал олар содан кейін де бет бұрып кетеді
قُلْ أَرَأَيْتَكُمْ إِنْ أَتَاكُمْ عَذَابُ اللَّهِ بَغْتَةً أَوْ جَهْرَةً هَلْ يُهْلَكُ إِلَّا الْقَوْمُ الظَّالِمُونَ
Айт: «Айтыңдаршы, егер сендерге Аллаһтың азабы кенеттен немесе ашық түрде келсе, әділетсіз адамдардан басқа кім жоқ етіледі?» деп
وَمَا نُرْسِلُ الْمُرْسَلِينَ إِلَّا مُبَشِّرِينَ وَمُنْذِرِينَ ۖ فَمَنْ آمَنَ وَأَصْلَحَ فَلَا خَوْفٌ عَلَيْهِمْ وَلَا هُمْ يَحْزَنُونَ
Біз елшілерді қуанышты хабар жеткізуші әрі ескертуші етіп қана жібереміз. Кім иманға келіп, түзетсе, оларға қорқыныш жоқ әрі олар қайғырмайды
وَالَّذِينَ كَذَّبُوا بِآيَاتِنَا يَمَسُّهُمُ الْعَذَابُ بِمَا كَانُوا يَفْسُقُونَ
Аяттарымызды өтірікке шығарғандарға бойсұнбағандықтары үшін азап тиеді
قُلْ لَا أَقُولُ لَكُمْ عِنْدِي خَزَائِنُ اللَّهِ وَلَا أَعْلَمُ الْغَيْبَ وَلَا أَقُولُ لَكُمْ إِنِّي مَلَكٌ ۖ إِنْ أَتَّبِعُ إِلَّا مَا يُوحَىٰ إِلَيَّ ۚ قُلْ هَلْ يَسْتَوِي الْأَعْمَىٰ وَالْبَصِيرُ ۚ أَفَلَا تَتَفَكَّرُونَ
Ей, Мұхаммед! Айт: «Сендерге: «Менің қасымда Аллаһтың қазыналары бар», деп айтпаймын әрі мен ғайып жасырын нәрселерді білмеймін және сендерге өзімді періштемін деп те айтпаймын. Мен өзіме уахи етілетінге ғана еремін», деп. «Соқыр мен көре алатын адам бірдей бола ала ма? Ақылдарыңды істетіп , ойланбайсыңдар ма?» де

Choose other languages: