Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Anaam Ayahs #20 Translated in Kazakh

مَنْ يُصْرَفْ عَنْهُ يَوْمَئِذٍ فَقَدْ رَحِمَهُ ۚ وَذَٰلِكَ الْفَوْزُ الْمُبِينُ
Сол Күні кімнен ол азап алыстатылса, Аллаһ оған рақым қылады. Міне, осы анық жетістік
وَإِنْ يَمْسَسْكَ اللَّهُ بِضُرٍّ فَلَا كَاشِفَ لَهُ إِلَّا هُوَ ۖ وَإِنْ يَمْسَسْكَ بِخَيْرٍ فَهُوَ عَلَىٰ كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ
Ей, Мұхаммед! Егер, Аллаһ саған бір К зиян тигізетін болса, онда ол зиянды Одан өзге кетіруші жоқ. Ал, егер Ол бір жақсылық жеткізсе, Ол барлық нәрсені Жасай алушы
وَهُوَ الْقَاهِرُ فَوْقَ عِبَادِهِ ۚ وَهُوَ الْحَكِيمُ الْخَبِيرُ
Ол құлдарының үстінен Үстемдік етуші әл-Қаһир . Әрі Ол аса Дана, бәрінен Хабардар
قُلْ أَيُّ شَيْءٍ أَكْبَرُ شَهَادَةً ۖ قُلِ اللَّهُ ۖ شَهِيدٌ بَيْنِي وَبَيْنَكُمْ ۚ وَأُوحِيَ إِلَيَّ هَٰذَا الْقُرْآنُ لِأُنْذِرَكُمْ بِهِ وَمَنْ بَلَغَ ۚ أَئِنَّكُمْ لَتَشْهَدُونَ أَنَّ مَعَ اللَّهِ آلِهَةً أُخْرَىٰ ۚ قُلْ لَا أَشْهَدُ ۚ قُلْ إِنَّمَا هُوَ إِلَٰهٌ وَاحِدٌ وَإِنَّنِي بَرِيءٌ مِمَّا تُشْرِكُونَ
Ей, Мұхаммед! Айт: «куәлікте қай I нәрсе үлкен?» деп. Айт: «Аллаһ менімен сендердің араларыңа куә. Маған осы Құран сендерді және хабар жеткендерді ескертуім үшін уахи етілді. Сендер Аллаһпен бірге басқа құдайлар бар деп шынымен куәлік бересіңдерме? Ал мен куәлік бермеймін!» деп. Айт: «Шын мәнінде, Ол жалғыз құдай. Сендердің Оған бір нәрсені серік етіп қосуларыңа менің қатысым жоқ», деп
الَّذِينَ آتَيْنَاهُمُ الْكِتَابَ يَعْرِفُونَهُ كَمَا يَعْرِفُونَ أَبْنَاءَهُمُ ۘ الَّذِينَ خَسِرُوا أَنْفُسَهُمْ فَهُمْ لَا يُؤْمِنُونَ
Біз өздеріне кітап бергендер оны пайғамбарды өз ұлдарын танығандай таниды. Өздерін зиянға ұшыратқандар иманға келмейді

Choose other languages: