Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Anaam Ayahs #161 Translated in Kazakh

أَوْ تَقُولُوا لَوْ أَنَّا أُنْزِلَ عَلَيْنَا الْكِتَابُ لَكُنَّا أَهْدَىٰ مِنْهُمْ ۚ فَقَدْ جَاءَكُمْ بَيِّنَةٌ مِنْ رَبِّكُمْ وَهُدًى وَرَحْمَةٌ ۚ فَمَنْ أَظْلَمُ مِمَّنْ كَذَّبَ بِآيَاتِ اللَّهِ وَصَدَفَ عَنْهَا ۗ سَنَجْزِي الَّذِينَ يَصْدِفُونَ عَنْ آيَاتِنَا سُوءَ الْعَذَابِ بِمَا كَانُوا يَصْدِفُونَ
не болмаса: «Егер де бізге Кітап түсірілгенде, біз жолды олардан да тура ұстаған болар едік», деп айтпауларың үшін !де түсірілді .Анығында, сендерге Раббыңыздан анық дәлел, тура жол және мейірім келді. Аллаһтың аяттарын өтірік санаған және одан теріс бұрылғаннан өткен әділетсіз кім бар? Аяттарымыздан бет бұрғандарға, теріс айналғандары үшін, жақында қайтарым жаза ретінде азаптың ең ауырын береміз
هَلْ يَنْظُرُونَ إِلَّا أَنْ تَأْتِيَهُمُ الْمَلَائِكَةُ أَوْ يَأْتِيَ رَبُّكَ أَوْ يَأْتِيَ بَعْضُ آيَاتِ رَبِّكَ ۗ يَوْمَ يَأْتِي بَعْضُ آيَاتِ رَبِّكَ لَا يَنْفَعُ نَفْسًا إِيمَانُهَا لَمْ تَكُنْ آمَنَتْ مِنْ قَبْلُ أَوْ كَسَبَتْ فِي إِيمَانِهَا خَيْرًا ۗ قُلِ انْتَظِرُوا إِنَّا مُنْتَظِرُونَ
Ей, Мұхаммед! Олар өздеріне періштелердің келуін не Раббыңның келуін немесе Раббыңның белгілерінен кейбірінің келуін күте ме? Раббыңның белгілерінің кейбірі келетін күні ешбір жанға, егер ол алдын сенген болмаса, не иманымен бір игілік істеген болмаса, оған сенімі пайда бермейді. Айт: «Күтіңдер! Біз де күтеміз», деп
إِنَّ الَّذِينَ فَرَّقُوا دِينَهُمْ وَكَانُوا شِيَعًا لَسْتَ مِنْهُمْ فِي شَيْءٍ ۚ إِنَّمَا أَمْرُهُمْ إِلَى اللَّهِ ثُمَّ يُنَبِّئُهُمْ بِمَا كَانُوا يَفْعَلُونَ
Ақиқатында діндерін жік-жік етіп, ағымдарға бөлінгендерге сенің ешқандай қатысың жоқ. Шын мәнінде олардың ісі Аллаһта. Кейін Аллаһ оларға не істегендерінің хабарын береді
مَنْ جَاءَ بِالْحَسَنَةِ فَلَهُ عَشْرُ أَمْثَالِهَا ۖ وَمَنْ جَاءَ بِالسَّيِّئَةِ فَلَا يُجْزَىٰ إِلَّا مِثْلَهَا وَهُمْ لَا يُظْلَمُونَ
Кім жақсы амалмен келсе, оған сондайдың оны еселеніп беріледі. Ал, кім бір жаман амалмен келсе, оған қайтарым жаза ретінде сондай ғана беріледі. Әрі оларға ешбір әділетсіздік жасалмайды
قُلْ إِنَّنِي هَدَانِي رَبِّي إِلَىٰ صِرَاطٍ مُسْتَقِيمٍ دِينًا قِيَمًا مِلَّةَ إِبْرَاهِيمَ حَنِيفًا ۚ وَمَا كَانَ مِنَ الْمُشْرِكِينَ
Ей, Мұхаммед! Айт: «Ақиқатында, мені Раббым тура жолға, тұп-тура дінге, ханиф Ибраһимнің дініне салып, жүргізді. Ол Ибраһим серік қосушылардан болмады», -деп

Choose other languages: