Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Anaam Ayahs #127 Translated in Kazakh

وَكَذَٰلِكَ جَعَلْنَا فِي كُلِّ قَرْيَةٍ أَكَابِرَ مُجْرِمِيهَا لِيَمْكُرُوا فِيهَا ۖ وَمَا يَمْكُرُونَ إِلَّا بِأَنْفُسِهِمْ وَمَا يَشْعُرُونَ
Міне солай, әрбір елді мекенде, онда айла-шарғы жасаулары үшін оның қылмыскерлерін үлкендер басшылар еттік.Алайда, олар айла-шарғыларын өздеріне ғана жасайды әрі оны өздері сезбейді
وَإِذَا جَاءَتْهُمْ آيَةٌ قَالُوا لَنْ نُؤْمِنَ حَتَّىٰ نُؤْتَىٰ مِثْلَ مَا أُوتِيَ رُسُلُ اللَّهِ ۘ اللَّهُ أَعْلَمُ حَيْثُ يَجْعَلُ رِسَالَتَهُ ۗ سَيُصِيبُ الَّذِينَ أَجْرَمُوا صَغَارٌ عِنْدَ اللَّهِ وَعَذَابٌ شَدِيدٌ بِمَا كَانُوا يَمْكُرُونَ
Қашан оларға бір белгі келсе, олар: «Бізге Аллаһтың елшілеріне берілгендей нәрсе берілмейінше, мүлдем сенбейміз»,- деді. Аллаһ елшілікті қайда қоятынын кімге беретінін жақсы біледі. Қылмыс жасағандар жасаған айла-шарғылары үшін жақында Аллаһтың алдында қорлыққа және қатты азапқа душар болады
فَمَنْ يُرِدِ اللَّهُ أَنْ يَهْدِيَهُ يَشْرَحْ صَدْرَهُ لِلْإِسْلَامِ ۖ وَمَنْ يُرِدْ أَنْ يُضِلَّهُ يَجْعَلْ صَدْرَهُ ضَيِّقًا حَرَجًا كَأَنَّمَا يَصَّعَّدُ فِي السَّمَاءِ ۚ كَذَٰلِكَ يَجْعَلُ اللَّهُ الرِّجْسَ عَلَى الَّذِينَ لَا يُؤْمِنُونَ
Аллаһ кімді тура жолмен жүргізуді қаласа, оның көкірегін Исламға кеңітіп ашады. Ал, кімді адастыруды қаласа, оның көкірегін, бейне бір аспанға көтеріліп бара жатқандай тарылтып, қысады. Аллаһ иманға келмегендерге, осылай азап береді
وَهَٰذَا صِرَاطُ رَبِّكَ مُسْتَقِيمًا ۗ قَدْ فَصَّلْنَا الْآيَاتِ لِقَوْمٍ يَذَّكَّرُونَ
Ей, Мұхаммед! Міне, бұл Раббыңның тура жолы. Біз еске алатын адамдарға аяттарымызды анықтап түсіндірдік
لَهُمْ دَارُ السَّلَامِ عِنْدَ رَبِّهِمْ ۖ وَهُوَ وَلِيُّهُمْ بِمَا كَانُوا يَعْمَلُونَ
Олар үшін Раббысының қасында «дарус салам» амандық мекені бар. Әрі Ол істеген амалдары үшін оларға қамқоршы

Choose other languages: