Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Anaam Ayahs #129 Translated in Kazakh

فَمَنْ يُرِدِ اللَّهُ أَنْ يَهْدِيَهُ يَشْرَحْ صَدْرَهُ لِلْإِسْلَامِ ۖ وَمَنْ يُرِدْ أَنْ يُضِلَّهُ يَجْعَلْ صَدْرَهُ ضَيِّقًا حَرَجًا كَأَنَّمَا يَصَّعَّدُ فِي السَّمَاءِ ۚ كَذَٰلِكَ يَجْعَلُ اللَّهُ الرِّجْسَ عَلَى الَّذِينَ لَا يُؤْمِنُونَ
Аллаһ кімді тура жолмен жүргізуді қаласа, оның көкірегін Исламға кеңітіп ашады. Ал, кімді адастыруды қаласа, оның көкірегін, бейне бір аспанға көтеріліп бара жатқандай тарылтып, қысады. Аллаһ иманға келмегендерге, осылай азап береді
وَهَٰذَا صِرَاطُ رَبِّكَ مُسْتَقِيمًا ۗ قَدْ فَصَّلْنَا الْآيَاتِ لِقَوْمٍ يَذَّكَّرُونَ
Ей, Мұхаммед! Міне, бұл Раббыңның тура жолы. Біз еске алатын адамдарға аяттарымызды анықтап түсіндірдік
لَهُمْ دَارُ السَّلَامِ عِنْدَ رَبِّهِمْ ۖ وَهُوَ وَلِيُّهُمْ بِمَا كَانُوا يَعْمَلُونَ
Олар үшін Раббысының қасында «дарус салам» амандық мекені бар. Әрі Ол істеген амалдары үшін оларға қамқоршы
وَيَوْمَ يَحْشُرُهُمْ جَمِيعًا يَا مَعْشَرَ الْجِنِّ قَدِ اسْتَكْثَرْتُمْ مِنَ الْإِنْسِ ۖ وَقَالَ أَوْلِيَاؤُهُمْ مِنَ الْإِنْسِ رَبَّنَا اسْتَمْتَعَ بَعْضُنَا بِبَعْضٍ وَبَلَغْنَا أَجَلَنَا الَّذِي أَجَّلْتَ لَنَا ۚ قَالَ النَّارُ مَثْوَاكُمْ خَالِدِينَ فِيهَا إِلَّا مَا شَاءَ اللَّهُ ۗ إِنَّ رَبَّكَ حَكِيمٌ عَلِيمٌ
Ол Аллаһ олардың барлығын жинаған Күні: «Ей, жындар тобы жынның шайтандары ! Сендер адамдардан көбейттіңдер!» дейді. Олардың адамдардан болған көмекшілері: «Раббымыз! Біз бір-бірімізден пайдаландық және біз үшін Өзің белгілеген мерзімге жеттік», дейді. Ол: «Сендердің тұрақтарың От. Онда мәңгі қаласыңдар, егер тек Аллаһ басқаны қаламаса», дейді. Ақиқатында, Раббың аса Дана, бәрін Білуші
وَكَذَٰلِكَ نُوَلِّي بَعْضَ الظَّالِمِينَ بَعْضًا بِمَا كَانُوا يَكْسِبُونَ
Жасаған күнәлі істері үшін әділетсіздерді бір-біріне осылай үстем етіп қоямыз

Choose other languages: