Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Anaam Ayahs #116 Translated in Kazakh

وَكَذَٰلِكَ جَعَلْنَا لِكُلِّ نَبِيٍّ عَدُوًّا شَيَاطِينَ الْإِنْسِ وَالْجِنِّ يُوحِي بَعْضُهُمْ إِلَىٰ بَعْضٍ زُخْرُفَ الْقَوْلِ غُرُورًا ۚ وَلَوْ شَاءَ رَبُّكَ مَا فَعَلُوهُ ۖ فَذَرْهُمْ وَمَا يَفْتَرُونَ
Осылайша әрбір пайғамбарға адамдар мен жынның шайтандарын жау етіп қойдық. Олардың кейбірі өзгелерін алдап-арбау үшін көркемделген өтірік сөзді айтып иландырады. Егер де Раббың қалағанда, олар оны істемес еді. Енді оларды және олардың ойдан құрастыратындарын да жайына қалдыр
وَلِتَصْغَىٰ إِلَيْهِ أَفْئِدَةُ الَّذِينَ لَا يُؤْمِنُونَ بِالْآخِرَةِ وَلِيَرْضَوْهُ وَلِيَقْتَرِفُوا مَا هُمْ مُقْتَرِفُونَ
мұны оған ол сөздерге соңғы мәңгілік өмірге ақиретке сенбейтіндердің жүректері ауып және оған разы болулары әрі жасап жүрген істерін күнәларын жалғастыра берулері үшін жасадық
أَفَغَيْرَ اللَّهِ أَبْتَغِي حَكَمًا وَهُوَ الَّذِي أَنْزَلَ إِلَيْكُمُ الْكِتَابَ مُفَصَّلًا ۚ وَالَّذِينَ آتَيْنَاهُمُ الْكِتَابَ يَعْلَمُونَ أَنَّهُ مُنَزَّلٌ مِنْ رَبِّكَ بِالْحَقِّ ۖ فَلَا تَكُونَنَّ مِنَ الْمُمْتَرِينَ
Ей, Мұхаммед!!. «Ол сендерге анық түсіндірілген Кітапты Құранды түсірген болса да Аллаһтан өзгені төреші етуді қалайын ба?» де. Ал, Бізден Кітап берілгендер иудей, христиандар , оның Құранның Раббыңнан ақиқатпен түсірілгенін біледі. Сен мүлде, күмәнданушылардан болма
وَتَمَّتْ كَلِمَتُ رَبِّكَ صِدْقًا وَعَدْلًا ۚ لَا مُبَدِّلَ لِكَلِمَاتِهِ ۚ وَهُوَ السَّمِيعُ الْعَلِيمُ
Раббыңның сөзі шындықпен және әділдігімен кемел болған. Оның сөздерін өзгертуші жоқ. Ол бәрін Естуші, бәрін Білуші
وَإِنْ تُطِعْ أَكْثَرَ مَنْ فِي الْأَرْضِ يُضِلُّوكَ عَنْ سَبِيلِ اللَّهِ ۚ إِنْ يَتَّبِعُونَ إِلَّا الظَّنَّ وَإِنْ هُمْ إِلَّا يَخْرُصُونَ
Егер сен жер бетіндегілердің көбіне бағынсаң, олар сені Аллаһтың жолынан адастырады. Олар болжамға ғана ереді. Әрі олар тек өтірік айтады

Choose other languages: