Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Anaam Ayahs #13 Translated in Kazakh

6:9
وَلَوْ جَعَلْنَاهُ مَلَكًا لَجَعَلْنَاهُ رَجُلًا وَلَلَبَسْنَا عَلَيْهِمْ مَا يَلْبِسُونَ
Егер де оны Елшіні періште еткенімізде, онда оны бір ер адам бейнесінде етіп, олардың шатасып жүрген нәрселерін шатастыра түсер едік
وَلَقَدِ اسْتُهْزِئَ بِرُسُلٍ مِنْ قَبْلِكَ فَحَاقَ بِالَّذِينَ سَخِرُوا مِنْهُمْ مَا كَانُوا بِهِ يَسْتَهْزِئُونَ
Ей, Мұхаммед! Негізінде сенен бұрынғы елшілер де келеке етілген еді. Сонда тәлкек еткендерді өздерінің келеке еткен нәрселері орап алды бастарына жетті
قُلْ سِيرُوا فِي الْأَرْضِ ثُمَّ انْظُرُوا كَيْفَ كَانَ عَاقِبَةُ الْمُكَذِّبِينَ
Айт: «Жер жүзін аралап өтірік санаушылардың соңы қалай болғанын көріңдер», деп
قُلْ لِمَنْ مَا فِي السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ ۖ قُلْ لِلَّهِ ۚ كَتَبَ عَلَىٰ نَفْسِهِ الرَّحْمَةَ ۚ لَيَجْمَعَنَّكُمْ إِلَىٰ يَوْمِ الْقِيَامَةِ لَا رَيْبَ فِيهِ ۚ الَّذِينَ خَسِرُوا أَنْفُسَهُمْ فَهُمْ لَا يُؤْمِنُونَ
Олардан : «Аспандардағы және жердегі нәрселер кімдікі?» деп сұра да: «Аллаһтікі», деп айт. Ол Өзіне мейрімділікті жазған. Ол сендерді Қайта тірілу күні міндетті түрде жинайды, онда күмән жоқ. Өздері-өздеріне зиян келтірушілер иманға келмейді
وَلَهُ مَا سَكَنَ فِي اللَّيْلِ وَالنَّهَارِ ۚ وَهُوَ السَّمِيعُ الْعَلِيمُ
Түнде және күндіз тыным тапқан нәрселер Оның иелігінде. Ол бәрін Естуші, бәрін Білуші

Choose other languages: