Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Anaam Ayahs #15 Translated in Kazakh

قُلْ سِيرُوا فِي الْأَرْضِ ثُمَّ انْظُرُوا كَيْفَ كَانَ عَاقِبَةُ الْمُكَذِّبِينَ
Айт: «Жер жүзін аралап өтірік санаушылардың соңы қалай болғанын көріңдер», деп
قُلْ لِمَنْ مَا فِي السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ ۖ قُلْ لِلَّهِ ۚ كَتَبَ عَلَىٰ نَفْسِهِ الرَّحْمَةَ ۚ لَيَجْمَعَنَّكُمْ إِلَىٰ يَوْمِ الْقِيَامَةِ لَا رَيْبَ فِيهِ ۚ الَّذِينَ خَسِرُوا أَنْفُسَهُمْ فَهُمْ لَا يُؤْمِنُونَ
Олардан : «Аспандардағы және жердегі нәрселер кімдікі?» деп сұра да: «Аллаһтікі», деп айт. Ол Өзіне мейрімділікті жазған. Ол сендерді Қайта тірілу күні міндетті түрде жинайды, онда күмән жоқ. Өздері-өздеріне зиян келтірушілер иманға келмейді
وَلَهُ مَا سَكَنَ فِي اللَّيْلِ وَالنَّهَارِ ۚ وَهُوَ السَّمِيعُ الْعَلِيمُ
Түнде және күндіз тыным тапқан нәрселер Оның иелігінде. Ол бәрін Естуші, бәрін Білуші
قُلْ أَغَيْرَ اللَّهِ أَتَّخِذُ وَلِيًّا فَاطِرِ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ وَهُوَ يُطْعِمُ وَلَا يُطْعَمُ ۗ قُلْ إِنِّي أُمِرْتُ أَنْ أَكُونَ أَوَّلَ مَنْ أَسْلَمَ ۖ وَلَا تَكُونَنَّ مِنَ الْمُشْرِكِينَ
Ей, Мұхаммед! Айт: «Аспандарды және жерді жасап шығарған Аллаһтан басқаны қамқоршы етіп аламын ба? Ол барлығын қоректендіреді, ал Оны ешкім қоректендірмейді», деп. «Ақиқатында мен бойсұнушы болғандардың алғашқысы болуға бұйырылдым», деп. Әрі мүшріктерден Аллаһқа серік қосушылардан болма
قُلْ إِنِّي أَخَافُ إِنْ عَصَيْتُ رَبِّي عَذَابَ يَوْمٍ عَظِيمٍ
Айт: «Раббыма бойсұнбасам, ақиқатында, ұлы Күннің азабына ұшыраудан қорқамын», деп

Choose other languages: