Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Ahqaf Ayahs #34 Translated in Kazakh

قَالُوا يَا قَوْمَنَا إِنَّا سَمِعْنَا كِتَابًا أُنْزِلَ مِنْ بَعْدِ مُوسَىٰ مُصَدِّقًا لِمَا بَيْنَ يَدَيْهِ يَهْدِي إِلَى الْحَقِّ وَإِلَىٰ طَرِيقٍ مُسْتَقِيمٍ
Олар: «Әй, біздің қауым! Біз шын мәнінде, Мұсадан кейін түсірілген, өзіне дейінгі болғанды растаушы Кітапты тыңдадық. Ол ақиқатқа әрі тура жолға бастайды
يَا قَوْمَنَا أَجِيبُوا دَاعِيَ اللَّهِ وَآمِنُوا بِهِ يَغْفِرْ لَكُمْ مِنْ ذُنُوبِكُمْ وَيُجِرْكُمْ مِنْ عَذَابٍ أَلِيمٍ
Ей, біздің қауым! Аллаһтың шақырушысына Мұхаммедке жауап беріңдер және Оған сеніңдер, сонда Ол Аллаһ сендердің күнәларыңды кешіреді және сендерді күйзелтуші азаптан сақтайды
وَمَنْ لَا يُجِبْ دَاعِيَ اللَّهِ فَلَيْسَ بِمُعْجِزٍ فِي الْأَرْضِ وَلَيْسَ لَهُ مِنْ دُونِهِ أَوْلِيَاءُ ۚ أُولَٰئِكَ فِي ضَلَالٍ مُبِينٍ
Ал, кім Аллаһтың шақырушысына жауап бермесе, ол жер бетінде Оны әлсірете алмайды әрі оған Одан өзге құтқарушы, қамқоршы болмайды. Міне, солар анық адасуда»,- деді
أَوَلَمْ يَرَوْا أَنَّ اللَّهَ الَّذِي خَلَقَ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضَ وَلَمْ يَعْيَ بِخَلْقِهِنَّ بِقَادِرٍ عَلَىٰ أَنْ يُحْيِيَ الْمَوْتَىٰ ۚ بَلَىٰ إِنَّهُ عَلَىٰ كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ
Олар білмеді ме, аспандар мен жерді жаратқан әрі оларды жаратуда әлсіздік танытпаған Аллаһтың өлілерді де тірілтуге Күші жетуші екенін? Сөзсіз, Ол барлық нәрсені Жасай алушы
وَيَوْمَ يُعْرَضُ الَّذِينَ كَفَرُوا عَلَى النَّارِ أَلَيْسَ هَٰذَا بِالْحَقِّ ۖ قَالُوا بَلَىٰ وَرَبِّنَا ۚ قَالَ فَذُوقُوا الْعَذَابَ بِمَا كُنْتُمْ تَكْفُرُونَ
Әрі сондай күпірлік етушілер имансыздар Отқа келтірілген күні Оларға : «Бүл ақиқат емес пе?», делінеді. Олар: «Әрине, Раббымызбен ант етеміз!»,- дейді. Ол: «Қарсы келгендіктерің үшін енді азапты татыңдар», -дейді

Choose other languages: