Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Ahqaf Ayahs #30 Translated in Kazakh

وَلَقَدْ مَكَّنَّاهُمْ فِيمَا إِنْ مَكَّنَّاكُمْ فِيهِ وَجَعَلْنَا لَهُمْ سَمْعًا وَأَبْصَارًا وَأَفْئِدَةً فَمَا أَغْنَىٰ عَنْهُمْ سَمْعُهُمْ وَلَا أَبْصَارُهُمْ وَلَا أَفْئِدَتُهُمْ مِنْ شَيْءٍ إِذْ كَانُوا يَجْحَدُونَ بِآيَاتِ اللَّهِ وَحَاقَ بِهِمْ مَا كَانُوا بِهِ يَسْتَهْزِئُونَ
Біз Оларға сендерге бермеген күш-қуат мүмкіншілік бердік әрі оларға естуді, көруді және ақыл-ес жүректі бердік. Алайда олардың естулері, көрулері және ақыл-естері ешқандай пайда бермеді, себебі олар Аллаһтың белгі-дәлелдерін теріске шығарған еді. Сөйтіп олардың келеке еткендері өздерін орап алды
وَلَقَدْ أَهْلَكْنَا مَا حَوْلَكُمْ مِنَ الْقُرَىٰ وَصَرَّفْنَا الْآيَاتِ لَعَلَّهُمْ يَرْجِعُونَ
Әрі Біз сендердің айналаларындағы елді мекендерді жойып жібердік және олардың хақ дінге қайтуы үшін белгі-дәлелдерді ашып түсіндірген едік
فَلَوْلَا نَصَرَهُمُ الَّذِينَ اتَّخَذُوا مِنْ دُونِ اللَّهِ قُرْبَانًا آلِهَةً ۖ بَلْ ضَلُّوا عَنْهُمْ ۚ وَذَٰلِكَ إِفْكُهُمْ وَمَا كَانُوا يَفْتَرُونَ
Сонда олардың Аллаһтан өзге Оған жақындатады деп, құдайлар етіп алғандары Оларға неліктен көмектеспеді? Керісінше, олар бұлардан жоқ болып кетті. Міне, бұл олардың өтіріктері және ойдан құрастырғандары
وَإِذْ صَرَفْنَا إِلَيْكَ نَفَرًا مِنَ الْجِنِّ يَسْتَمِعُونَ الْقُرْآنَ فَلَمَّا حَضَرُوهُ قَالُوا أَنْصِتُوا ۖ فَلَمَّا قُضِيَ وَلَّوْا إِلَىٰ قَوْمِهِمْ مُنْذِرِينَ
Ей, Мұхаммед! Әрі саған Құранды тыңдау үшін жындардың бір тобын жібердік. Сонда олар жындар оның пайғамбардың қасына келген кезде: «Тыңдаңдар», десті. Ал ол оқу аяқталған кезде, олар дінді қабылдаған жындар елдеріне ескертуші насихаттаушы болып қайтты
قَالُوا يَا قَوْمَنَا إِنَّا سَمِعْنَا كِتَابًا أُنْزِلَ مِنْ بَعْدِ مُوسَىٰ مُصَدِّقًا لِمَا بَيْنَ يَدَيْهِ يَهْدِي إِلَى الْحَقِّ وَإِلَىٰ طَرِيقٍ مُسْتَقِيمٍ
Олар: «Әй, біздің қауым! Біз шын мәнінде, Мұсадан кейін түсірілген, өзіне дейінгі болғанды растаушы Кітапты тыңдадық. Ол ақиқатқа әрі тура жолға бастайды

Choose other languages: