Quran Apps in many lanuages:

Surah Aal-E-Imran Ayahs #34 Translated in Kazakh

يَوْمَ تَجِدُ كُلُّ نَفْسٍ مَا عَمِلَتْ مِنْ خَيْرٍ مُحْضَرًا وَمَا عَمِلَتْ مِنْ سُوءٍ تَوَدُّ لَوْ أَنَّ بَيْنَهَا وَبَيْنَهُ أَمَدًا بَعِيدًا ۗ وَيُحَذِّرُكُمُ اللَّهُ نَفْسَهُ ۗ وَاللَّهُ رَءُوفٌ بِالْعِبَادِ
Сол күні әрбір жан істеген жақсылығын әрі істеген жамандығын ұсынылған түрде табады. Ол өзі мен оның жаман амалдарының арасы алыс болуын тілейді. Аллаһ сендерді Өзінен Өзінің жазасынан сақтандырады. Аллаһ құлдарына өте Мейірбан
قُلْ إِنْ كُنْتُمْ تُحِبُّونَ اللَّهَ فَاتَّبِعُونِي يُحْبِبْكُمُ اللَّهُ وَيَغْفِرْ لَكُمْ ذُنُوبَكُمْ ۗ وَاللَّهُ غَفُورٌ رَحِيمٌ
Ей, Мұхаммед! Айт: «Егер Аллаһты жақсы көретін болсаңдар, онда маған еріңдер. Сонда Аллаһ сендерді жақсы көреді әрі күнәларыңды кешіреді. Ақиқатында, Аллаһ өте Кешірімді, ерекше Мейірімді », деп
قُلْ أَطِيعُوا اللَّهَ وَالرَّسُولَ ۖ فَإِنْ تَوَلَّوْا فَإِنَّ اللَّهَ لَا يُحِبُّ الْكَافِرِينَ
Айт: «Аллаһқа және Елшіге бойсұныңдар», деп. Егер теріс бұрылсаңдар, ақиқатында Аллаһ кәпірлерді жақсы көрмейді
إِنَّ اللَّهَ اصْطَفَىٰ آدَمَ وَنُوحًا وَآلَ إِبْرَاهِيمَ وَآلَ عِمْرَانَ عَلَى الْعَالَمِينَ
Ақиқатында, Аллаһ Адамды, Нұхты, Ибраһимнің әулеті мен Имранның әулетін әлемдер ішінен тандады
ذُرِّيَّةً بَعْضُهَا مِنْ بَعْضٍ ۗ وَاللَّهُ سَمِيعٌ عَلِيمٌ
бір-бірінен тараған ұрпақ етіп. Аллаһ әрбір нәрсені Естуші, бәрін Білуші

Choose other languages: