Quran Apps in many lanuages:

Surah Aal-E-Imran Ayahs #173 Translated in Kazakh

وَلَا تَحْسَبَنَّ الَّذِينَ قُتِلُوا فِي سَبِيلِ اللَّهِ أَمْوَاتًا ۚ بَلْ أَحْيَاءٌ عِنْدَ رَبِّهِمْ يُرْزَقُونَ
Әрі Аллаһ жолында өлтірілгендерді өлі деп есептеме. Негізінде, олар тірі, Раббысының құзырында ризық алуда
فَرِحِينَ بِمَا آتَاهُمُ اللَّهُ مِنْ فَضْلِهِ وَيَسْتَبْشِرُونَ بِالَّذِينَ لَمْ يَلْحَقُوا بِهِمْ مِنْ خَلْفِهِمْ أَلَّا خَوْفٌ عَلَيْهِمْ وَلَا هُمْ يَحْزَنُونَ
өздеріне Аллаһ Өз кеңшілігінен бергеніне шаттануда әрі өздеріне әлі қосылмаған арттарындағыларға ерушілерге еш қорқыныш жоқтығына және олардың қайғырмайтындығына қуануда
يَسْتَبْشِرُونَ بِنِعْمَةٍ مِنَ اللَّهِ وَفَضْلٍ وَأَنَّ اللَّهَ لَا يُضِيعُ أَجْرَ الْمُؤْمِنِينَ
Олар Аллаһтың игілігі мен кеңшілігіне және имандылардың мүміндердің ақысын Аллаһтың зая кетірмейтіндігіне қуанады
الَّذِينَ اسْتَجَابُوا لِلَّهِ وَالرَّسُولِ مِنْ بَعْدِ مَا أَصَابَهُمُ الْقَرْحُ ۚ لِلَّذِينَ أَحْسَنُوا مِنْهُمْ وَاتَّقَوْا أَجْرٌ عَظِيمٌ
олар өздері Ұхуд соғысында жарақат алғаннан кейін де Аллаһқа және Елшіге жауап бергендер бойсұнғандар . Олардан игілік істегендерге және тақуалық еткендерге Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанғандарға ұлы сый бар
الَّذِينَ قَالَ لَهُمُ النَّاسُ إِنَّ النَّاسَ قَدْ جَمَعُوا لَكُمْ فَاخْشَوْهُمْ فَزَادَهُمْ إِيمَانًا وَقَالُوا حَسْبُنَا اللَّهُ وَنِعْمَ الْوَكِيلُ
Оларға адамдар: «Расында адамдар сендерге қарсы жиналды, олардан қорқыңдар!» дегенде, бұл олардың имандарын күшейте түсіп: «Бізге Аллаһ жеткілікті, Ол қандай жақсы әл-Уакийл тапсырылғанды қорғап, сақтаушы », деп жауап берді

Choose other languages: