Quran Apps in many lanuages:

Surah Aal-E-Imran Ayahs #172 Translated in Kazakh

الَّذِينَ قَالُوا لِإِخْوَانِهِمْ وَقَعَدُوا لَوْ أَطَاعُونَا مَا قُتِلُوا ۗ قُلْ فَادْرَءُوا عَنْ أَنْفُسِكُمُ الْمَوْتَ إِنْ كُنْتُمْ صَادِقِينَ
Ей, Мұхаммед! Өздері жорыққа шықпай отырып қалып, бауырлары туралы: «Егер олар бізді тыңдағанда, өлтірілмес еді»,дегендерге айт: «Егер шын сөзді болсаңдар, өздеріңнен өлімді қайтарыңдаршы» деп
وَلَا تَحْسَبَنَّ الَّذِينَ قُتِلُوا فِي سَبِيلِ اللَّهِ أَمْوَاتًا ۚ بَلْ أَحْيَاءٌ عِنْدَ رَبِّهِمْ يُرْزَقُونَ
Әрі Аллаһ жолында өлтірілгендерді өлі деп есептеме. Негізінде, олар тірі, Раббысының құзырында ризық алуда
فَرِحِينَ بِمَا آتَاهُمُ اللَّهُ مِنْ فَضْلِهِ وَيَسْتَبْشِرُونَ بِالَّذِينَ لَمْ يَلْحَقُوا بِهِمْ مِنْ خَلْفِهِمْ أَلَّا خَوْفٌ عَلَيْهِمْ وَلَا هُمْ يَحْزَنُونَ
өздеріне Аллаһ Өз кеңшілігінен бергеніне шаттануда әрі өздеріне әлі қосылмаған арттарындағыларға ерушілерге еш қорқыныш жоқтығына және олардың қайғырмайтындығына қуануда
يَسْتَبْشِرُونَ بِنِعْمَةٍ مِنَ اللَّهِ وَفَضْلٍ وَأَنَّ اللَّهَ لَا يُضِيعُ أَجْرَ الْمُؤْمِنِينَ
Олар Аллаһтың игілігі мен кеңшілігіне және имандылардың мүміндердің ақысын Аллаһтың зая кетірмейтіндігіне қуанады
الَّذِينَ اسْتَجَابُوا لِلَّهِ وَالرَّسُولِ مِنْ بَعْدِ مَا أَصَابَهُمُ الْقَرْحُ ۚ لِلَّذِينَ أَحْسَنُوا مِنْهُمْ وَاتَّقَوْا أَجْرٌ عَظِيمٌ
олар өздері Ұхуд соғысында жарақат алғаннан кейін де Аллаһқа және Елшіге жауап бергендер бойсұнғандар . Олардан игілік істегендерге және тақуалық еткендерге Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанғандарға ұлы сый бар

Choose other languages: