Quran Apps in many lanuages:

Surah Aal-E-Imran Ayahs #170 Translated in Kazakh

وَمَا أَصَابَكُمْ يَوْمَ الْتَقَى الْجَمْعَانِ فَبِإِذْنِ اللَّهِ وَلِيَعْلَمَ الْمُؤْمِنِينَ
Әрі екі топ бетпе-бет келген күні сендердің бастарыңа түскен нәрсе Аллаһтың рұқсатымен және имандыларды білу үшін болды
وَلِيَعْلَمَ الَّذِينَ نَافَقُوا ۚ وَقِيلَ لَهُمْ تَعَالَوْا قَاتِلُوا فِي سَبِيلِ اللَّهِ أَوِ ادْفَعُوا ۖ قَالُوا لَوْ نَعْلَمُ قِتَالًا لَاتَّبَعْنَاكُمْ ۗ هُمْ لِلْكُفْرِ يَوْمَئِذٍ أَقْرَبُ مِنْهُمْ لِلْإِيمَانِ ۚ يَقُولُونَ بِأَفْوَاهِهِمْ مَا لَيْسَ فِي قُلُوبِهِمْ ۗ وَاللَّهُ أَعْلَمُ بِمَا يَكْتُمُونَ
Әрі мұнафиқ болғандарды да білуі анықтауы үшін. Оларға: «Келіңдер, Аллаһ жолында соғысыңдар немесе қорғаныңдар»делінген еді. Олар: «Соғысты болатынын білгенімізде, әлбетте арттарыңнан ерер едік»,- деді. Сол күні олар, иманға қарағанда күпірге имансыздыққа жақын еді. Олар тілдерімен жүректерінде жоқнәрсені айтады. Негізінде,Аллаһ олардың не жасырып тұрғандарын жақсы біледі
الَّذِينَ قَالُوا لِإِخْوَانِهِمْ وَقَعَدُوا لَوْ أَطَاعُونَا مَا قُتِلُوا ۗ قُلْ فَادْرَءُوا عَنْ أَنْفُسِكُمُ الْمَوْتَ إِنْ كُنْتُمْ صَادِقِينَ
Ей, Мұхаммед! Өздері жорыққа шықпай отырып қалып, бауырлары туралы: «Егер олар бізді тыңдағанда, өлтірілмес еді»,дегендерге айт: «Егер шын сөзді болсаңдар, өздеріңнен өлімді қайтарыңдаршы» деп
وَلَا تَحْسَبَنَّ الَّذِينَ قُتِلُوا فِي سَبِيلِ اللَّهِ أَمْوَاتًا ۚ بَلْ أَحْيَاءٌ عِنْدَ رَبِّهِمْ يُرْزَقُونَ
Әрі Аллаһ жолында өлтірілгендерді өлі деп есептеме. Негізінде, олар тірі, Раббысының құзырында ризық алуда
فَرِحِينَ بِمَا آتَاهُمُ اللَّهُ مِنْ فَضْلِهِ وَيَسْتَبْشِرُونَ بِالَّذِينَ لَمْ يَلْحَقُوا بِهِمْ مِنْ خَلْفِهِمْ أَلَّا خَوْفٌ عَلَيْهِمْ وَلَا هُمْ يَحْزَنُونَ
өздеріне Аллаһ Өз кеңшілігінен бергеніне шаттануда әрі өздеріне әлі қосылмаған арттарындағыларға ерушілерге еш қорқыныш жоқтығына және олардың қайғырмайтындығына қуануда

Choose other languages: