Quran Apps in many lanuages:

Surah Aal-E-Imran Ayahs #119 Translated in Kazakh

وَمَا يَفْعَلُوا مِنْ خَيْرٍ فَلَنْ يُكْفَرُوهُ ۗ وَاللَّهُ عَلِيمٌ بِالْمُتَّقِينَ
Олар қандай қайырлы іс істесе де ол жоққа шығарылмайды. Аллаһ тақуаларды Раббысының жазасынан қорқып, сақтанушыларды Білуші
إِنَّ الَّذِينَ كَفَرُوا لَنْ تُغْنِيَ عَنْهُمْ أَمْوَالُهُمْ وَلَا أَوْلَادُهُمْ مِنَ اللَّهِ شَيْئًا ۖ وَأُولَٰئِكَ أَصْحَابُ النَّارِ ۚ هُمْ فِيهَا خَالِدُونَ
Ақиқатында, күпірлік еткендерді иманға келмегендерді мал дүниелері де, балалары да ешбір нәрсемен Аллаһтан Оның азабынан құтқара алмайды. Міне, солар Отта болатындардан, олар онда мәңгі қалушылар
مَثَلُ مَا يُنْفِقُونَ فِي هَٰذِهِ الْحَيَاةِ الدُّنْيَا كَمَثَلِ رِيحٍ فِيهَا صِرٌّ أَصَابَتْ حَرْثَ قَوْمٍ ظَلَمُوا أَنْفُسَهُمْ فَأَهْلَكَتْهُ ۚ وَمَا ظَلَمَهُمُ اللَّهُ وَلَٰكِنْ أَنْفُسَهُمْ يَظْلِمُونَ
Олардың осы өмірде жұмсағандарының мысалы өздеріне өздері әділетсіздік еткен адамдардың егіндігіне тиіп, оны тып-типыл еткен бір суық желге ұқсайды. Аллаһ оларға әділетсіздік істеген жоқ. Алайда, олар өздеріне әділетсіздік істеді
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا لَا تَتَّخِذُوا بِطَانَةً مِنْ دُونِكُمْ لَا يَأْلُونَكُمْ خَبَالًا وَدُّوا مَا عَنِتُّمْ قَدْ بَدَتِ الْبَغْضَاءُ مِنْ أَفْوَاهِهِمْ وَمَا تُخْفِي صُدُورُهُمْ أَكْبَرُ ۚ قَدْ بَيَّنَّا لَكُمُ الْآيَاتِ ۖ إِنْ كُنْتُمْ تَعْقِلُونَ
Ей, иманға келгендер! Өздеріңнен болмаған басқаларды дос, сырлас етіп алмаңдар. Олар сендерге нұқсан келтіретін сәтті қалт жібермейді. Олар сендердің қиныншылықта қалуларыңды қалайды. Олардың сендерді жек көрулері көмейлерінен байқалды. Ал, көкіректерінде жасырғандары одан да үлкен. Егер ақылдарыңды істетіп ұғынатын болсаңдар, сендерге аяттарды анықтап түсіндіріп бердік
هَا أَنْتُمْ أُولَاءِ تُحِبُّونَهُمْ وَلَا يُحِبُّونَكُمْ وَتُؤْمِنُونَ بِالْكِتَابِ كُلِّهِ وَإِذَا لَقُوكُمْ قَالُوا آمَنَّا وَإِذَا خَلَوْا عَضُّوا عَلَيْكُمُ الْأَنَامِلَ مِنَ الْغَيْظِ ۚ قُلْ مُوتُوا بِغَيْظِكُمْ ۗ إِنَّ اللَّهَ عَلِيمٌ بِذَاتِ الصُّدُورِ
Міне, сендер оларды жақсы көресіңдер, ал олар сендерді жақсы көрмейді. Сендер Кітапқа бүтіндей сенесіңдер. Олар сендерді кездестірсе: «Біз иманға келдік», дейді. Ал, оңаша қалғанда, сендерге ызаланғаннан бармақтарын шайнайды. Оларға: «Ызаларыңнан өліп кетіңдер», деп айт. Ақиқатында, Аллаһ көкіректердегіні жақсы Білуші

Choose other languages: