Quran Apps in many lanuages:

Surah Yusuf Ayahs #98 Translated in Kazakh

وَلَمَّا فَصَلَتِ الْعِيرُ قَالَ أَبُوهُمْ إِنِّي لَأَجِدُ رِيحَ يُوسُفَ ۖ لَوْلَا أَنْ تُفَنِّدُونِ
Керуен шыққан кезде олардың әкесі: «Егер мені алжыды демесеңдер, ақиқатында, мен Йусуфтың иісін тынысын сезіп тұрмын», деді
قَالُوا تَاللَّهِ إِنَّكَ لَفِي ضَلَالِكَ الْقَدِيمِ
Олар жанындағылар : «Аллаһпен ант етеміз. Әрине, сен бұрынғы адасуыңдасың», деді
فَلَمَّا أَنْ جَاءَ الْبَشِيرُ أَلْقَاهُ عَلَىٰ وَجْهِهِ فَارْتَدَّ بَصِيرًا ۖ قَالَ أَلَمْ أَقُلْ لَكُمْ إِنِّي أَعْلَمُ مِنَ اللَّهِ مَا لَا تَعْلَمُونَ
Сүйінші хабар жеткізуші келген кезде ол көйлекті оның бетіне тастады, сонда ол қайтадан көретін болды. Ол: «Мен сендерге Аллаһ тарапынан сендер білмейтінді білемін демеп пе едім?» деді
قَالُوا يَا أَبَانَا اسْتَغْفِرْ لَنَا ذُنُوبَنَا إِنَّا كُنَّا خَاطِئِينَ
Олар ұлдары : «Әй, әкеміз! Біз үшін күнәларымыздың кешірілуін тіле! Шын мәнінде, біз біле тұра қателесушілерден болдық», деді
قَالَ سَوْفَ أَسْتَغْفِرُ لَكُمْ رَبِّي ۖ إِنَّهُ هُوَ الْغَفُورُ الرَّحِيمُ
Ол: «Сендер үшін Раббымнан кешірім тілейтін боламын. Ақиқатында, Ол өте Кешірімді, ерекше Мейірімді», деді

Choose other languages: