Quran Apps in many lanuages:

Surah Yusuf Ayahs #87 Translated in Kazakh

قَالَ بَلْ سَوَّلَتْ لَكُمْ أَنْفُسُكُمْ أَمْرًا ۖ فَصَبْرٌ جَمِيلٌ ۖ عَسَى اللَّهُ أَنْ يَأْتِيَنِي بِهِمْ جَمِيعًا ۚ إِنَّهُ هُوَ الْعَلِيمُ الْحَكِيمُ
Ол Йаъқуб : «Сендерге көңілдерің бұл істі әдемі көрсетіп, қызықтырған екен. Енді көркем сабыр керек . Аллаһ олардың бәрін өзіме әкелуін үміт етемін. Ақиқатында, Ол бәрін Білуші , аса Дана », деді
وَتَوَلَّىٰ عَنْهُمْ وَقَالَ يَا أَسَفَىٰ عَلَىٰ يُوسُفَ وَابْيَضَّتْ عَيْنَاهُ مِنَ الْحُزْنِ فَهُوَ كَظِيمٌ
Ол олардан теріс бұрылып: «Ах, Йусуф!» деп күйінгенде, көздеріне ақ түсті, ол қайғысын жұтып төзімділік танытты
قَالُوا تَاللَّهِ تَفْتَأُ تَذْكُرُ يُوسُفَ حَتَّىٰ تَكُونَ حَرَضًا أَوْ تَكُونَ مِنَ الْهَالِكِينَ
Олар: «Аллаһқа ант етеміз, ауру болғаныңа немесе құрып таусылғаныңа дейін Йусуфты еске алуды қоймайсың», деді
قَالَ إِنَّمَا أَشْكُو بَثِّي وَحُزْنِي إِلَى اللَّهِ وَأَعْلَمُ مِنَ اللَّهِ مَا لَا تَعْلَمُونَ
Ол: «Мен күйзелісімді де, күйінішімді де Аллаһқа ғана шағамын. Әрі Аллаһ­тан сендер білмейтін нәрсені білемін», деді
يَا بَنِيَّ اذْهَبُوا فَتَحَسَّسُوا مِنْ يُوسُفَ وَأَخِيهِ وَلَا تَيْأَسُوا مِنْ رَوْحِ اللَّهِ ۖ إِنَّهُ لَا يَيْأَسُ مِنْ رَوْحِ اللَّهِ إِلَّا الْقَوْمُ الْكَافِرُونَ
«Әй, ұлдарым! Барып Йусуф пен оның бауырын іздеңдер! Әрі Аллаһтың мейірімінен үміт үзбеңдер. Анығында, Аллаһтың мейірімінен кәпір адамдар ғана үмітін үзеді», деді

Choose other languages: