Quran Apps in many lanuages:

Surah Yusuf Ayahs #86 Translated in Kazakh

وَاسْأَلِ الْقَرْيَةَ الَّتِي كُنَّا فِيهَا وَالْعِيرَ الَّتِي أَقْبَلْنَا فِيهَا ۖ وَإِنَّا لَصَادِقُونَ
Біз болған қаладан және біз бірге кел­ген керуеннен сұра. Негізінде, біз шын сөздіміз», деп айтыңдар», деді
قَالَ بَلْ سَوَّلَتْ لَكُمْ أَنْفُسُكُمْ أَمْرًا ۖ فَصَبْرٌ جَمِيلٌ ۖ عَسَى اللَّهُ أَنْ يَأْتِيَنِي بِهِمْ جَمِيعًا ۚ إِنَّهُ هُوَ الْعَلِيمُ الْحَكِيمُ
Ол Йаъқуб : «Сендерге көңілдерің бұл істі әдемі көрсетіп, қызықтырған екен. Енді көркем сабыр керек . Аллаһ олардың бәрін өзіме әкелуін үміт етемін. Ақиқатында, Ол бәрін Білуші , аса Дана », деді
وَتَوَلَّىٰ عَنْهُمْ وَقَالَ يَا أَسَفَىٰ عَلَىٰ يُوسُفَ وَابْيَضَّتْ عَيْنَاهُ مِنَ الْحُزْنِ فَهُوَ كَظِيمٌ
Ол олардан теріс бұрылып: «Ах, Йусуф!» деп күйінгенде, көздеріне ақ түсті, ол қайғысын жұтып төзімділік танытты
قَالُوا تَاللَّهِ تَفْتَأُ تَذْكُرُ يُوسُفَ حَتَّىٰ تَكُونَ حَرَضًا أَوْ تَكُونَ مِنَ الْهَالِكِينَ
Олар: «Аллаһқа ант етеміз, ауру болғаныңа немесе құрып таусылғаныңа дейін Йусуфты еске алуды қоймайсың», деді
قَالَ إِنَّمَا أَشْكُو بَثِّي وَحُزْنِي إِلَى اللَّهِ وَأَعْلَمُ مِنَ اللَّهِ مَا لَا تَعْلَمُونَ
Ол: «Мен күйзелісімді де, күйінішімді де Аллаһқа ғана шағамын. Әрі Аллаһ­тан сендер білмейтін нәрсені білемін», деді

Choose other languages: