Quran Apps in many lanuages:

Surah Yusuf Ayahs #35 Translated in Kazakh

فَلَمَّا سَمِعَتْ بِمَكْرِهِنَّ أَرْسَلَتْ إِلَيْهِنَّ وَأَعْتَدَتْ لَهُنَّ مُتَّكَأً وَآتَتْ كُلَّ وَاحِدَةٍ مِنْهُنَّ سِكِّينًا وَقَالَتِ اخْرُجْ عَلَيْهِنَّ ۖ فَلَمَّا رَأَيْنَهُ أَكْبَرْنَهُ وَقَطَّعْنَ أَيْدِيَهُنَّ وَقُلْنَ حَاشَ لِلَّهِ مَا هَٰذَا بَشَرًا إِنْ هَٰذَا إِلَّا مَلَكٌ كَرِيمٌ
Ол әйел олардың құлықтары жайлы естіген кезде, оларға шақыру жіберді. Әрі олар үшін сүйеніп отыратын орын әзірледі. Сөйтіп әрбіреуіне жемістерді аршу, кесу үшін пышақ беріп, Йусуфке олардың алдына: «Шық», деді. Олар оны көрген кезде таңырқай оны ұлы санап, өз қолдарын кесіп алды. Олар: «Аллаһ пәк! Мынау адам емес, бұл ір құрметті періште ғой», деді
قَالَتْ فَذَٰلِكُنَّ الَّذِي لُمْتُنَّنِي فِيهِ ۖ وَلَقَدْ رَاوَدْتُهُ عَنْ نَفْسِهِ فَاسْتَعْصَمَ ۖ وَلَئِنْ لَمْ يَفْعَلْ مَا آمُرُهُ لَيُسْجَنَنَّ وَلَيَكُونًا مِنَ الصَّاغِرِينَ
Ол әйел : «Мені осы себепті айыптадыңдар. Мен оны азғырғым келді, алайда, ол өзіне берік болды. Егер ол мен бұйырғанды істемесе, түрмеге жабылады әрі қор болушылардан болады», деді
قَالَ رَبِّ السِّجْنُ أَحَبُّ إِلَيَّ مِمَّا يَدْعُونَنِي إِلَيْهِ ۖ وَإِلَّا تَصْرِفْ عَنِّي كَيْدَهُنَّ أَصْبُ إِلَيْهِنَّ وَأَكُنْ مِنَ الْجَاهِلِينَ
Йусуф : «Раббым! түрме маған олардың шақырып тұрғанынан сүйкімдірек. Егер, Сен менен олардың қулық-сұмдықтарын бұрмасаң, онда мен оларға қарай ауып, надандардың қатарында боламын», деді
فَاسْتَجَابَ لَهُ رَبُّهُ فَصَرَفَ عَنْهُ كَيْدَهُنَّ ۚ إِنَّهُ هُوَ السَّمِيعُ الْعَلِيمُ
Сонда Раббысы оның тілегіне жауап беріп тілегін қабыл етіп , одан олардың қулық-сұмдықтарын қайтарды. Ақиқатында, Ол бәрін Естуші ,бәрін Білуші
ثُمَّ بَدَا لَهُمْ مِنْ بَعْدِ مَا رَأَوُا الْآيَاتِ لَيَسْجُنُنَّهُ حَتَّىٰ حِينٍ
Содан соң, дәлелдерді көргендерінен кейін де, олар оны уақытша түрмеге жабуды жөн көрді

Choose other languages: