Quran Apps in many lanuages:

Surah Yusuf Ayahs #37 Translated in Kazakh

قَالَ رَبِّ السِّجْنُ أَحَبُّ إِلَيَّ مِمَّا يَدْعُونَنِي إِلَيْهِ ۖ وَإِلَّا تَصْرِفْ عَنِّي كَيْدَهُنَّ أَصْبُ إِلَيْهِنَّ وَأَكُنْ مِنَ الْجَاهِلِينَ
Йусуф : «Раббым! түрме маған олардың шақырып тұрғанынан сүйкімдірек. Егер, Сен менен олардың қулық-сұмдықтарын бұрмасаң, онда мен оларға қарай ауып, надандардың қатарында боламын», деді
فَاسْتَجَابَ لَهُ رَبُّهُ فَصَرَفَ عَنْهُ كَيْدَهُنَّ ۚ إِنَّهُ هُوَ السَّمِيعُ الْعَلِيمُ
Сонда Раббысы оның тілегіне жауап беріп тілегін қабыл етіп , одан олардың қулық-сұмдықтарын қайтарды. Ақиқатында, Ол бәрін Естуші ,бәрін Білуші
ثُمَّ بَدَا لَهُمْ مِنْ بَعْدِ مَا رَأَوُا الْآيَاتِ لَيَسْجُنُنَّهُ حَتَّىٰ حِينٍ
Содан соң, дәлелдерді көргендерінен кейін де, олар оны уақытша түрмеге жабуды жөн көрді
وَدَخَلَ مَعَهُ السِّجْنَ فَتَيَانِ ۖ قَالَ أَحَدُهُمَا إِنِّي أَرَانِي أَعْصِرُ خَمْرًا ۖ وَقَالَ الْآخَرُ إِنِّي أَرَانِي أَحْمِلُ فَوْقَ رَأْسِي خُبْزًا تَأْكُلُ الطَّيْرُ مِنْهُ ۖ نَبِّئْنَا بِتَأْوِيلِهِ ۖ إِنَّا نَرَاكَ مِنَ الْمُحْسِنِينَ
түрмеге онымен бірге екі жігіт түсті. Олардың бірі: «Мен түсімде шарап сығып жатқанымды көрдім», деді. Екіншісі: «Мен басымда нан көтеріп жүргенімді көрдім. Одан құстар жеп жатыр екен. Бізге оның жоруын айтып бер. Ақиқатында, біз сені жақсылықты ықыласпен істеушілерден көреміз», деді
قَالَ لَا يَأْتِيكُمَا طَعَامٌ تُرْزَقَانِهِ إِلَّا نَبَّأْتُكُمَا بِتَأْوِيلِهِ قَبْلَ أَنْ يَأْتِيَكُمَا ۚ ذَٰلِكُمَا مِمَّا عَلَّمَنِي رَبِّي ۚ إِنِّي تَرَكْتُ مِلَّةَ قَوْمٍ لَا يُؤْمِنُونَ بِاللَّهِ وَهُمْ بِالْآخِرَةِ هُمْ كَافِرُونَ
Ол: «Сендерге ризық етіп берілетін қандай да бір тағам келмесін, әлбетте ол келгенге дейін, оны түсіндіріп, екеуіңе айтып беремін. бұл маған Раббымның үйреткендерінен. Ақиқатында, мен Аллаһқа сенбейтін адамдардың дінін тәрк еттім және олар Ақирет күніне күпірлік етушілер оны теріске шығарушылар

Choose other languages: