Quran Apps in many lanuages:

Surah Yunus Ayahs #97 Translated in Kazakh

وَلَقَدْ بَوَّأْنَا بَنِي إِسْرَائِيلَ مُبَوَّأَ صِدْقٍ وَرَزَقْنَاهُمْ مِنَ الطَّيِّبَاتِ فَمَا اخْتَلَفُوا حَتَّىٰ جَاءَهُمُ الْعِلْمُ ۚ إِنَّ رَبَّكَ يَقْضِي بَيْنَهُمْ يَوْمَ الْقِيَامَةِ فِيمَا كَانُوا فِيهِ يَخْتَلِفُونَ
Біз Исраил ұрпақтарын игі мекенге орналастырдық және оларға жақсы нәрселерден ризық бердік. Әрі олар, өздеріне білім келгенге дейін қарама-қайшылыққа түспеді. Ақиқатында, Раббың Қайта тірілу күні қарама-қайшылыққа түскен нәрселері жайында олардың араларына үкім береді
فَإِنْ كُنْتَ فِي شَكٍّ مِمَّا أَنْزَلْنَا إِلَيْكَ فَاسْأَلِ الَّذِينَ يَقْرَءُونَ الْكِتَابَ مِنْ قَبْلِكَ ۚ لَقَدْ جَاءَكَ الْحَقُّ مِنْ رَبِّكَ فَلَا تَكُونَنَّ مِنَ الْمُمْتَرِينَ
Ей, Мұхаммед! Егер Біз өзіңе түсіргеннен күмәнда болсаң, алдын Кітап түсіріліп оқығандардан сұра. Саған Раббыңнан ақиқат келді, сондықтан күмәнданушылардан болма
وَلَا تَكُونَنَّ مِنَ الَّذِينَ كَذَّبُوا بِآيَاتِ اللَّهِ فَتَكُونَ مِنَ الْخَاسِرِينَ
Сондай-ақ, Аллаһтың аяттарын өтірікке шығарушылардан болма. Онда зиян көрушілерден боласың
إِنَّ الَّذِينَ حَقَّتْ عَلَيْهِمْ كَلِمَتُ رَبِّكَ لَا يُؤْمِنُونَ
Ақиқатында, Раббыңның сөзі тиісті болғандар иманға келмейді
وَلَوْ جَاءَتْهُمْ كُلُّ آيَةٍ حَتَّىٰ يَرَوُا الْعَذَابَ الْأَلِيمَ
сондай қинаушы азапты көргендеріне дейін, тіпті оларға қандай бір белгі мұғжизалар келсе де

Choose other languages: